Еркектер спортта да әйелдер құқығын таптап жүр ме?

Еркектер спортта да әйелдер құқығын таптап жүр ме?

Спорттың әрбір үшінші түрінде спортшы әйелдер ерлерге қарағанда аз сыйақы алады. Мұндай мәліметті «Би-би-си» арнасы жариялады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Жуырдағы британдық «Би-би-си» арнасы спортшылардың сыйақыларына байланысты арнайы зерттеу жүргізді. Бұл зерттеудің қорытындысы бойынша, ер спортшыларға қарағанда әйел спортшылар үш есе аз сыйақы алатын болып шықты.
Сыйақыға қатысты ерлер және әйелдер арасындағы үлкен айырмашылық футбол, крикет, гольф, дартс, снукер (тастаяқтың бір түрі) және сквоштта өте жоғары.
«Иә, бұл спорт түрлерінде сыйақы айырмашылығы өте жоғары. Оны қысқарту керек. Дегенмен, бұл бір күннің ішінде шешілетін мәселе емес. Алдағы уақытта ақырындап шешіледі деген ойдамын. Баршаңызға белгілі, соңғы кездері әйелдер қатысатын додалар да қызықты өтетін болған. Келетін жанкүйерлердің де қарасы артқан. Алайда, қазір әйелдер спортына БАҚ тарапынан көп көмек керек. Сондай-ақ қаржылық көмектің де қажет екені айтпасада түсінікті», - дейді бұл сауалға қатысты Ұлыбританияның спорт министрі Хелен Грант. Грант сондай-ақ ер және әйел спортшылардың сыйақыларын теңестіру ХХІ ғасырдағы ер мен әйел құқығын теңестірумен пара-пар келетінін айтты.
Жалпы бұл зерттеуінде «Би-би-си» тілшілері бүкіл әлем бойынша ерлер мен әйелдер бақ сынайтын 56 спорт түрін салыстырып шыққан. Зерттеудің қорытындысы бойынша 56 спорттың ішінде 35 спорт түрінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйақы табысталады белгілі болды. Оның 25 түрінде ерлер мен әйелдердің сыйақысы бірдей болса, 10 спорт түрінде ерлер әйелдерге қарағанда үш есе көп сыйақы алатыны анықталды. Ал, әлемдегі 14 спорт федерациясы тіпті спортшыларға сыйақы бермейтін болып шықты.
Ерлер мен әйелдер арасындағы сыйақы алғаш рет теннисте теңескен
Жеңіл атлетика, ат спорты, нысана ату, марафонға жүгіру және волейбол спортында ерлер мен әйелдер арасындағы сыйақы 2004 жылы теңескен. Соңғы он жылда бұл қатарға суға секіру, еске есу, тхэквондо және велоспорт қосылды.
Ерлермен бірдей дәрежедегі сыйақыны алғаш рет әйелдер 1973 жылы теннистен «АҚШ-тың ашық біріншілігі» (US Open) турнирінде ала бастады. Ол кезде Билли Джин Кинг есімді амиерикалық теннисші байкот жасап, оның ұсынысы қабылданған. Сол уақыттан қазіргі күнге дейін әйел теннисшілер «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде ерлермен бірдей дәрежеде сыйақы алып келеді.
Десек те, әлі күнге дейін бірнеше спорт түрінде ерлер мен әйелдер алатын сыйақының айырмашылығы жер мен көктей. Мысалы ретінде футболды алайық. Бразилия жерінде өткен соңғы доп додасының чемпиондары Германия құрамасы сыйақы ретінде 34 миллион доллар алғаны баршаңызға белгілі. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, 2011 жылы әйелдер арасында футболдан әлем біріншілігін жеңіп алған Жапония құрамасы немістерге қарағанда 4 есе аз гонарар алған.
Қазақстандағы жағдай қалай?
Қазақстан халықаралық ареналарда топ жарған спортшыларға ең көп сыйақы беретін елдердің қатарында. Сондықтан да елімізде ерлер мен әйелдер алатын сыйақы айырмашылығы үлкен деп айтуа келмейді. Тіпті біздің әйел спортшыларымыз ерлермен тең дәрежеде алады.
Мысалы, Азия ойындары мен Олимпиада ойындары алып қарайық. Бұл екі додада топ жарған біздің әйел спортшыларымыз да ер спортшыларымыз да сыйақыны бірдей көлемде алды. Олимп шыңын бағындырғандар 250 мың доллар алса, Азия ойындарында топ жарған спортшы 10 мың доллар алады. Дегенмен, әлем біріншіліктерінде жүлдеге іліккен спортшыларға да біздің елде әр-түрлі көлемде сыйақы берілетіні жасырын емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста