Спорт

Фируза Шарипова журналистер үшін ашық жаттығу өткізеді

  • Фируза Шарипова журналистер үшін ашық жаттығу өткізеді

    Фируза Шарипова журналистер үшін ашық жаттығу өткізеді

30 желтоқсан күні Алматыдағы Almaty Arena мұз сарайында қазақстандық кәсәпқой боксшы Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегі өтетіні белгілі. Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ қызы бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен IBO және WBC Silver чемпиондық белбеулерін сарапқа салады.


Аталған жекпе-жекке соңғы дайындықтарының бірін қазақстандық боксшы қыз журналистер мен жанкүйерлерінің алдында өткізбек. Ашық жаттығу жиыны 28 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00-де Алматыдағы MEGA Park ойын-сауда орталығында (Мақатаев көшесі 127/1) өтеді.


Жаттығу жиынына Фирузамен бірге Джемилла Гонтарюк та келеді. Олар осы күні алғаш рет бетпе-бет жүздесіп, өз дайындықтарын телекамера алдында көрсетпек. Сонымен қатар, қос боксшы жанкүйерлерге автограф-сессия өткізеді. Іс-шараға кіру тегін.


Журналистер сондай-ақ боксшылардың салмақ өлшеу рәсіміне де қатыса алады. Аталған шара 29 желтоқсан күні сағат 12:00-де “Rixos Almaty” қонақ үйінде ұйымдастырылмақ. Ол үшін әр тілші crazymaxi@gmail.com электронды почтасы арқылы тіркеуден өтуі тиіс. Бокс кешіне аккредитацияны олар осы салмақ өлшеу рәсімінен кейін алады.


Айта кетейік, FSK Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған аталған бокс кеші екі кезеңнен тұрады. Алғашқы бөлігінде кәсіпқой боксты жаңадан бастаған жас боксшылар өнер көрсетсе, екінші бөлігінде Ержан Залилов, Әли Ахмедов, Айдын Елжанов, Виктор Котчигов секілді танымал қазақстандық боксшылар өз бақтарын сынап көрмек.


Ұйымдастырушылар бокс кешінің көркін қыздыра түсу үшін жанкүйерлер арасында су жаңа автокөлік ұтысын өткізеді. Лотореядан жеңімпаз атанған көрерменге Renault Logan автокөлігі сыйға тартылады.


Бокс кешінің билеттері Almaty Arena спорт кешенінің кассаларында, ticketon.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz сайттарында сатылып жатыр.




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.12.2017, 12:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30