Спорт

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегінің негізгі шарттары келісілді - промоутер

  • Головкин -

    Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегінің негізгі шарттары келісілді - промоутер

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жегінің келіссөздері қалай жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.


"Бұл тағы да бір ұлы шайқас болады. Содан кейін тағы бір реванш өткізу дұрысырақ болатын шығар. Біз қазір екінші жекпе-жекті өткізу қамымен айналысып жүрміз, кейінірек үшінші жекпе-жек туралы сөз қозғауға да уақыт табылар. Мен "Канелоның" жеңетініне сенімдімін. Менің ойымша бірінші кездесуде сол кездесуде Альварес соңғы үш раундта Головкиннен басым болды. Жекпе-жекті қайталап көріп шығыңыз. "Канело" басым болды. Бұл жолы отандасымызға тіпті оңай болады. Бұл әрине оңай жекпе-жек емес, бірақ оның тәжірибесі бар. Біз келісімшартпен алмастық. Үш рет қарастырдық. Бейсенбі не жұмада соңғы рет қаралады деп ойлаймын. Негізгі шарттар келісілді. Тек аз-маз дүниелер қалды, әрине ол да маңызды, бірақ ең бастысы емес", - деді Гомес. "Қол қойылған келісімшарт қолымызға түскен жағдайда, жұмыстарды бастаймыз", - деді промоутер жекпе-жектің қай қалада өтетіні жайлы сұраққа. Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін. Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 10:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30