Спорт

Головкин мен Альварестің екінші кездесуі болатын күн аталды

  • Головкин мен Альварестің екінші кездесуі болатын күн аталды

    Головкин мен Альварестің екінші кездесуі болатын күн аталды

Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Бұл туралы боксшылардың өздері, олардың промоутерлері мен жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсететін HBO арнасы мәлімдеді. Жекпе-жек 5 мамырда өтеді. Бұл күні Мексикада Синко де Майо - елдегі ұлттық мерекелердің бірін тойлайды, осы арқылы PPV-трансляция санын арттыру көзделген. Алдағы жекпе-жекте қазақстандық барлық атағын, ал Альварес The Ring журналының атағы мен орта салмақтағы чемпиондығын тігеді. "Рас, бұл жолы бізге төрешілер қажет болмайды", - дейді Головкин өзінің Twitter желісіндегі парақшасында. "Уақыт жетті. Дайынбыз! 5 мамырда кездесеміз!" - деп жазыпты Альварес өз кезегінде. "Бұл жолы төрешілер шешпейді! #CaneloGGG2, 5 мамыр, бұл ресми мәлімдеме!" - делінген Golden Boy компаниясының шолуында. "12 раунд жектпеген еді. 2018 жылдың 5 мамыры. #CaneloGGG2", - делінген HBO арнасының шолуында. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен болатын. Төрешілер шешімі бойынша боксшылар тең түскен-ді. Қос боксшы арасындағы екінші жекпе-жек қайда өтетіні әзірге белгісіз. Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас қалаларының бірінде өтуі мүмкін.




Көрілген: 132    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 30.01.2018, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28