Спорт

Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін Эдсон Барбозамен өткізуі мүмкін

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Ережесі жекпе-жек өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін желтоқсан айында бразилиялық Эдсон Барбозамен кездесуі ықтимал. Бұл туралы спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов айтты, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы.


"Біз қазіргі уақытта Хабиб үшін төрт қарсыласты қарастырып отырмыз. Олар - Макгрегор, Фергюсон, Диас және Барбоза. Шамамен Хабиб бұлардың ішінде Эдсонмен кездесетін шығар. МакГрегор Хабибпен кездескісі келіп жүр. Ал Фергюссон болса, жекпе-жектен қашып жүр.


Барбозамен жекпе-жек біз үшін жоқтан бар. Дегенмен де ол өте қарымды қарсылас. Кевин Ли секілді аса танымал емес, бірақ рейтингде одан жоғары тұр. Сондықтан да бұл кездесуде көп жанкүйер жинауға болады.


Хабибтің келесі кездесуін Эдсон Барбозамен өтетініне 55 пайыз сенімдімін. Кездесу желтоқсан айында өтуі керек", - дейді Абдулманап Нурмагомедов.


Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов ережесі жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін ресейлік спортшы өткен жылдың қараша айында UFC 205 турнирінде Майкл Джонсонға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.


Содан кейін ол 4 сәуір күні америкалық Тони Фергюсонмен кездесуі керек еді. Алайда жекпе-жекке бір күн қалғанда ресейлік спортшы емхана түсіп, кездесу өтпейтін болды.


 vesti.kz




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.10.2017, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31