Спорт

Ильин бұрынғы бапкері Алексей Нимен қарым-қатынасы туралы айтты

  • © sputnik

    © sputnik

Бүгін ОКҚ-де өткен брифингте қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бұрынғы бапкері Алексей Нимен араласып тұратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Біз онымен хат жазысып, араласып тұрамыз. Бұрынғы таныстар сияқты. Оның мен туралы айтқан жылы сөздерін естідім. Үлкен алғыс айтамын. Біз онымен көптен таныспыз. Ол Қазақстанның ауыр атлетикасы үшін біраз еңбек сіңірді. Қиын кезеңдерде ауыр атлетиканы аяққа тұрғызды. Жасы үлкен адам ретінде маған жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсетті. Сондықтан мен оған ризамын", — деді спортшы.


Айта кетсек, Илья Ильин допинг сынамасында тыйым салынған заттар табылғаннан кейін, 2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиадаларда жеңіп алған алтын медалінен айырылған болатын. Дисквалификация заң бұзушылық анықталған сәттен бастап, яғни 2016 жылдың 10 маусымында күшіне енді.


Осылайша, Ильиннің спорттан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың маусымында аяқталады.


Бүгін брифингте ауыр атлет 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысатын-қатыспайтыны қаңтар айында белгілі болатынын мәлімдеді.


Илья Ильин – үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы.




 




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.12.2017, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30