Спорт

Илья Ильин алдағы жарыстарда өзіне кімдердің қарсылас болуы мүмкін екенін айтты

  • © express-k.kz

    © express-k.kz

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин алдағы жарыстарда негізгі қарсыластары кімдер болуы мүмкін екенін айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Олимпиадаға дейін әлі уақыт бар. Келесі әлем чемпионатында екі олимпиада чемпионы қатысуы мүмкін, оның бірі — Руслан Нурудинов. Мен баратын болсам, үш олимпиада чемпионы қатысатын болады. Тағы кімдер бар... Ресейлік жігіт Беджанян — төртінші. Бір кездері Алматыда жақсы ойын көрсеттік. Сонымен бірге тағы бізден Саша Зайчиков бар, ол — бесінші. Егер осы бес ауыр атлет те жарысқа қатысса, онда бесеуі де әлем чемпионы атануға таласады. Бұл - 105 келіге дейінгі салмақта», — деді Илья Ильин.


Қазіргі уақытта Илья Ильиннің салмағы — 94-95 келі, он келіге арықтаған. Егер 94 келіге дейінгі салмақта жарысқа түсетін болса, өзіне кімнің басты қарсылас болатынын атап өтті.


«94 келіде Али Хашеми деген жігіт бар. Ол – абсолют чемпион. Әрі қарай білмеймін. Егер бабыма келсем, сонымен жарысамын. Ал 105 келіде қарсылас болатын бес не алты адам бар», — деді ауыр атлет. 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.12.2017, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31