Спорт

Илья Ильин әлем чемпионатына дайындалып жатыр

  • Илья Ильин әлем чемпионатына дайындалып жатыр

    Илья Ильин әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Допинг қолданды деген айыппен жарыстардан шеттетілген Илья Ильин Олимпиадаға лизенция беретін әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

- Рио Олимпиадасында жүлде алған және қатысқан спортшылармен қатар Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло да дайындық үстінде. Шеттетілу мерзімдері аяқталып келеді. Олар жеке дайындалуда. Шеттетілу уақыты аяқталысымен, ұлттық құрамаға қосылып, Ашхабадтағы әлем чемпионатына бірге дайындалады, -деді ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни.


Лицензиялық әлем чемпионаты желтоқсан айының басында Ашхабадта өтеді.


- 1 қарашадан бастап жаңа жүйе қолданысқа енеді. Демек әлем чемпионатына кіл мықты спортшылар келеді деген сөз. Бізден Ильиннен бастап, Рахимовке дейін қатысу керек. Ұлттық құрамада да бәсекелестік жоғары. Іріктеу жарысын өткізіп, барлығының да лицензиялық жарыстарға қатысуына жағдай жасаймыз, - деді Алексей Ни.


Еске сала кетейік, Илья Ильинмен бірге Зульфия Чиншанло да әлемдік сынға дайындалуда. 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сенбі, 03.03.2018, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31