Спорт

Илья Ильин: Спортты жалғастырам ба деген мәселе жақында шешіледі

  • Илья Ильин: Спортты жалғастырам ба деген мәселе жақында шешіледі

    Илья Ильин: Спортты жалғастырам ба деген мәселе жақында шешіледі

Әйгілі қазақстандық ауыр атлет спорттағы болашағы туралы айтты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап. Сөзіне штангашының спорттық бабы қазір жақсы.


«Жаттығу жасап жүрмін, жүгіремін. Бір жаттығуда спорттың төрт түрі бойынша жаттығамын. Әрине, бастысы ауыр атлетика. Бұл спортты жақсы көрем, сондықтан көп жұмыс жасаудамын. Жақында Америкадан келдім. Ол жақта оқыдым, әлі де оқимын. Ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Ағылшынша өте жақсы сөйлегім, көп білгім, интеллектуалдық деңгейімді көтергім келеді. Ол жақта шеберлік кластар өткіздім. Өзім де жаттықтырушы болуды үйреніп жүрмін, білгенімді ауыр атлетика мен спортты жақсы көретін жастарға әдемі жеткізгім келеді» деді Ильин.


Жақында ауыр атлет қайтадан АҚШ-қа оралмақ. Бұл елде ағылшын тілі деңгейін «интермедия» деңгейіне жеткізу жоспары бар. Сосын Қазақстанға келіп, спорттық карьерасы қалай шешілетінін күткелі отыр.


«Менің ойымша, қазақ айында бәрі айқындалуы тиіс. Сосын жаттығуды жалғастырам. Ауыр атлетиканы, спортты жақсы көрем, онсыз қалай өмір сүрем? Спорттың ішкі мәселесін жақсы білем. Сондықтан спорт саласында көбірек көмек жасағым келеді» деді ол.


Жарыстарға қатысуға мүмкіндік берілсе, Ильин спортты жалғастырғысы келетінін айтты.


Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін Ильин қашанда чемпион болып қалатынын айтқан болатын.


Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин допинг-сынамаларынан екінші ретте өте алмағандықтан жарыстардан шеттетілген болатын. Нәтижесінде ол Олимпиаданың екі алтынынан айырылып, Рио-де-Жанейродағы ойындарға қатыстырылмады. Оның дисквалификация мерзімі қашанға созылатыны әлі шешілген жоқ.

Baq.kz


 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 20.08.2017, 13:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31