Спорт

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы болды

  • Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы болды

    Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы болды

 Қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, 17 жасар Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында чемпион атанды деп хабарлайды vesti.kz. .


Жансая Әбдімәлік чемпионатта сегіз рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Сөйтіп 11 тур нәтижесінде 9,5 ұпай жинап бірінші орынға шықты. Айта кететін нәрсе, 11-турда Жансая турнир кестесіндегі лидерлердің бірі америкалық Дженнифер Ю-мен кездесіп, жеңіске жетті. Осы матчтан кейін ол жеке-дара көш бастады.


Бірінші турда Жансая тағы бір қазақстандық шахматшы Назерке Нұрғалимен кездесіп жеңіске жетті. Назерке - оқушылар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Екінші турда Әбідмәлік армениялық Сирануш Гукасяннан, үшіншіде Үндістан өкілі Р.Вайшалиден басым түсті. Ал төртінші турда украин шахматшысы Юлия Осьмакпен тең ойнады. Одан кейін Жансая монғол Номин-Эрдене Даваадемберельді, Ресей азаматтығын алған бұрынғы қазақстандық Бибісара Асаубаеваны, грузин Нино Хомерикиді ұтты. Сегізінші турда ресейлік Анастасия Парамзинадан жеңілді. Тоғызыншы және оныншы турларда өзбекстандық Гүлрухбегім Тохиржанова мен грек Ставрула Цолакидудан басым түсті.


20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы чемпионат 13-25 қараша аралығында Италияның Тарвизио қаласында өтті. Турнирге осы категориядағы әлемнің үздік шахматшылары қатысты.


Жансая Әбдімәлік - жасөспірім қыздар арасында төрт мәрте әлем чемпионы, ерлер арасында халықаралық спорт шебері және әйелдер арасында гроссмейстер. 2013 жыл қорытындысы бойынша 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Азияның үздік шахматшысы болып танылды. Әлемнің үздік шахматшы әйелдері рейтингінде Жансая 40, ФИДЕ рейтингінде 2428 орынға ие.


vesti.kz.




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.11.2017, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31