Спорт

Қанат Ислам Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

  • Қанат Ислам Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

    Қанат Ислам Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альврес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 


"Менің ойымша, Головкин жеңіске жетеді. Оған сәттілік тілеймін. Головкин - әлемдік жұлдыз, біз оның артынан еріп, білмегенімізді үйреніп жүрміз. Бірақ ол үшін бұл жекпе-жек оңайға соқпайды. Меніңше, кездесу 12 раундқа созылады", - деді Қанат Ислам Астанада баспасөз конференциясында. Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 21.06.2017, 17:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31