Спорт

Қарағанды жастары Головкинді қолдау шарасын өткізді (фото)

  • Қарағанды жастары Головкинді қолдау шарасын өткізді (фото)

    Қарағанды жастары Головкинді қолдау шарасын өткізді (фото)

18 наурыз күні «Мэдисон-сквер-гарденде» америкалық Дэниелом Джейкобспен өтетін жекпе жекте Геннадий Головкинді қолдау мақсатында жерлестері флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарағанды бокс мектебінің түлектері Генаны кезекті жекпе жегінің алдында қолдап, дем беру мақсатында қарағандылықтар Достық үйінің алдындағы алаңда «GGG» деп жазды. 300- ге тарта Генаның жерлестері осылайша өз батырын құрметтейтіндіктерін көрсетті.


«Атақты боксшы Геннадий Головкиннің Қарағандылық екендігін айтып мақтан тұтамыз. Ол біздің кумиріміз. Жерлесімізге қолдау білдіру үшін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, осында жиналдық. Гена осы жолы да қарсыласын жеңетініне сенеміз», – дейді Генаның жанкүйері Асыл Төлепов.Қарағанды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға қаланың спорт мектептерінің оқушылары қатысты.


«Денешынықтыру және спорт басқармасы облысымыздың әрбір спортшысына қолдау білдіруге тырысады. Қайда барса да, қандай жарыстарға қатысса іштей уайымдаймыз. Бұл жолы да жерлесімізді қолдау мақсатында осындай шара өткізуді ұйғардық. Әрине Генаның жеңетініне күмән келтірмейміз. Ертең барлығымыз Генадийге жанкүйер боламыз», – дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова. 




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.03.2017, 00:39

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30