Спорт

Қарсыласын күтпеген соққымен нокаутқа түсірген кикбоксшыны көрермендер сабап тастады (видео)

  • видеодан скриншот

    видеодан скриншот

Ашуға мінген бір топ көрермен рингке шығып, Нидерландыдан келген кикбоксшы Мертел Гронхартқа шабуыл жасады. Ал мұның алдында Гронхарт армян спортшысы Арут Григорянды нокаутқа түсірген болатын.


Оқиғаның видеосы NewsTubeClips YouTube-арнасында пайда болды.


Болжам бойынша, жанкүйерлерге спортшының қарсыласына артынан шабуыл жасағаны ұнамаған. Григорян басына тіземен жасалған соққыдан кейін қорғанбай, өз бұрышына қарай бара жатқан. Төреші жекпе-жекті тоқтатпаған, сондықтан Нидерланды спортшысы оны ереже бойынша нокаутқа түсірген.


Ал Желіде көптеген қолданушылар голланд спортшыны ұрып-соққан көрермендерді жақтап, Гронхарт қарсыласына құрметсіздік көрсетті деп отыр. Видеоға қарағанда, жанкүйерлер оған бірнеше соққы жасаған. Оларды турнир ұйымдастырушылары мен күзетшілер тоқтатқан.


 


tengrinews.kz




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.06.2017, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30