Спорт

"Қатты тисе де айтайын..." Головкин Қазақстан жайлы шындықты жайып салды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ аумағында жас спортшыларға қолдау көрсететін GGG Promotion компаниясын ашты.


Қазір компания Әли Ахмедов, Руслан Мәдиев секілді боксшыларға көмектесіп жатыр.


Головкиннің айтуынша, бұл талантты жігіттердің үлкен потенциалы бар.


GGG журналистердің "спортшылардың жаттығуы неге АҚШ-та өтеді?" деген сұрағына жауап берді.


" Қатты тисе де айтайын, Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ. АҚШ-тағыдай жағдай жасалмаған. Біз таңдап алған жігіттер менімен бірге жаттығады", — деп мәлімдеді Геннадий Головкин.


Боксшы спортшыларды іріктеу кезінде екі маңызды критерийге басымдық берілетінін айтты: олар тәжірибелі және еңбексүйгіш болуы тиіс.


"Үлкен спорт қауіп-қатерге толы, мен өз шәкірттерімнің денсаулығына жауаптымын, сондықтан спортқа келгеніне енді бір жыл болғандар менің командама қосыла алмайды", — деді Головкин.


Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекте жеңіліс тапты. Кейін Геннадий Головкиннің Қазақстанға келгені белгілі болды. Мұнда ол Қарағандыдағы спорт кешеніне барды, сондай-ақ Астанада "Барыс – ЦСКА" матчына қатысты.


Sputnik


 




Көрілген: 7831    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31