Спорт

Қазақ спортшысы Олимпиадада Қытайдың намысын қорғайтын болды (фото)

  • Қазақ спортшысы Олимпиадада Қытайдың намысын қорғайтын болды (фото)

    Қазақ спортшысы Олимпиадада Қытайдың намысын қорғайтын болды (фото)

 Қытайда туып өскен этникалық қазақ спортшысы Аршынғазы Шәкенұлы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады, деп хабарлайды Қазақпарат


Қытайдың халық сайтының хабарлауынша, Қытай ұлттық құрамасын Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі 31 қаңтар күні Бейжің қаласында өтіп, додада бақ сынайтын Қытай спортшыларының толық тізімі жарияланды. Қытай ұлттық құрамасындағы 82 спортшы Пхенчханда қысқы спорттың 5 түрінен бақ сынайтын болады. Шыңжаңда туып өскен ұлты қазақ спортшы Аршынғазы Шәкенұлы байрақты бәсекеде конькимен жүгіру спортынан 1500 метрлік сында өнер көрсететін болады.



Шыңжаң конькимен жүгіру құрамасының бас бапкерінің айтуынша, 23 жастағы қандасымыз құрама сапына 2010 жылы қосылып, бұл күнде Қытайдың ішкі біріншілігі бойынша құрылған рейтингіде бірінші орында тұр. Сондай-ақ оның атап өтуінше, соңғы 24 жылда Шыңжаңнан қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар қатыспаған. Пхенчхандағы ойындарға 4 спортшы лицензия алды. Айта кетейік, Аршынғазы 2017 жылы 28 желтоқсан күні Қытайдың конькимен жүгіру спортынан ішкі біріншілікте Шыңжаң құрамасының өзге тағы екі спортшысы - Алмас Қақанбайұлы және Дәстүр Тұрсынханұлымен бірге командалық сында жеңімпаз атанды.



Еске салайық, XXIII қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 күндері аралығында Пхенчханда өтеді.


inform.kz




Көрілген: 341    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 01.02.2018, 23:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28