Спорт

Қазақстан футболына қызыққан Италия бапкері

  • Қазақстан футболына қызыққан Италия бапкері

    Қазақстан футболына қызыққан Италия бапкері

Бүгінде қазақ футболына қызығушылар көп. Әйтеуір біздің елде өнер көрсеткісі және жұмыс жасағысы келетіндер баршылық. Өткен аптада Италия бапкері Фабио Лопеспен сұхбаттасудың сәті түсіп еді, соны назарларыңызға ұсынбақпыз.


– Фабио, кезінде өзіңіз де футболшы болғансыз? Қай командаларда өнер көрсеттіңіз?

– Мен, аяқдоп өнері құпияларына “Рома”футбол академиясында қанықтым. Кейін, Италияның 4-ші дивизионында ойнайтын “Про Пратия” командасында қақпашы болдым.

– Жасыл алаңда қанша жыл тер төктіңіз?

– “Про Пратия” өте қарымды команда болған жоқ. 22 жасымнан бастап бапкерлік қызметке бет бұрып, қақпашылықты тастадым.

– Бапкер болған соң қай клубта еңбек еттіңіз?

– Италияның “А”сериясындағы “Фиорентина” және “Аталанта” клубтарында жұмыс жасадым. Қазір ойлап қарасам, футболшылық дәуірімнен бапкерлік карьерам сәтті өтіп жатыр. Бапкерлікке ерте кірісіп, жас кезімде біраз бапкерлерден тәжірибе жинақтадым. Ол кездеФлоренция ұжымынқазіргі Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделли жаттықтыратын.

– Бірінші рет жеке бас бапкерлікті қай клубта бастадыңыз? Нәтижелеріңіз қандай болды?

– 34 жасымда Римнен Литваға сапар шегіп, жергілікті “Банга” командасын қабылдап алдым. Осы елдің чемпионатында бірінші маусымда 5-орынға, келесі жылы 3-орынға ие болдық.

– Литвада қанша маусым жұмыс жасадыңыз?Кейін Азияға жол тартқан сияқтысыз ғой?

– Литвада 2 жыл еңбек еттім. Одан кейін Азияға ойысып, Малайзияның жоғары лигасында, Индонезияда жұмыс жасадым. Ал өткен жылы Малдив аралдары клубын жаттықтырып, маусымды 3-орынмен аяқтадық.

– Мальдив аралдарынан неге кеттіңіз?

– Кетуіме себеп, командада өзгерістер болды.Жаңа президент келді. Мен жаңа келісіммен бір тоқтамға келе алмадым. Енді Қазақстанда бапкер ретінде даңқымды шығарсам деймін. Литвада осы елдің ұлттық футбол федерациясымен келісіп, жергілікті бапкерлерге УЕФА-ның “В” лицензиясы бойынша дәріс бергенмін.

– Қазақстан футболы жайында не білесіз?

– Мемлекет астанасы – Астана қаласы. Футбол федерациясы 1992 жылы Азия футбол конфедерациясына мүше болған, қазір – Еуропада.

– Сонда, қазақ клубтарында қандай жұмыс атқарғыңыз келеді?

– Мен 7 жылдан бері кәсіби командаларда бас бапкер болып жұмыс істеп келемін. Сондай-ақ, техник-директор лаузамыныда жұмыс істей аламын. Сіздің елден ұсыныс түссе, танысып шығамын. Келісім баптары ұнаса, Қазақстанда жұмыс жасауға болады.




Көрілген: 1583    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2014, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30