Спорт

Қазақстандық дзюдошы ел тарихындағы тұңғыш сурдолимпиадалық медальға қол жеткізді

  • Қазақстандық дзюдошы ел тарихындағы тұңғыш сурдолимпиадалық медальға қол жеткізді

    Қазақстандық дзюдошы ел тарихындағы тұңғыш сурдолимпиадалық медальға қол жеткізді

Есту қабілеті төмен спортшылар арасында Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Сурдолимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Шаяхмет Қанапиянов күміс медальге ие болды, деп хабарлайды www.inform.kz. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тұғымбаева хабарлады. Шаяхмет Қанапиянов Сурдолимпиада ойындарында 66 келі салмақта өнер көрсетіп, ақтық сайыста ресейлік балуан Руслан Аскеровтан жеңілді. Финалға шықпас бұрын жерлесіміз түрік, иран және украин дзюдошыларын тізе бүктірген. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері Сурдолимпиада ойындарында жүлде алып көрмегенін ескерсек, Шаяхметтің жетістігін тарихта қалатын жеңіс деп айтуға болады. Еске сала кетсек, 28 шілдеде Түркияның Самсун қаласында ХХІІІ Сурдолимпиада ойындары басталған болатын. Төрт жылда бір өтетін әлемдік жарысқа 100 мемлекеттің 3 мыңнан астам спортшылары қатысуда. Аталған жарыста Қазақстаннан 9 спорт түрінен 50-ге жуық спортшы аттанған. Атап айтқанда, қазақстандық спортшылар грек-рим күресі, жеңіл атлетика, жүзу, таеквондо, каратэ, үстел теннисі, дзюдо және спорттық бағдарлау түрлерінен ел намысын қорғап жатыр. Сурдолимпиада ойындары 30 шілдеде аяқталады.




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

жұма, 21.07.2017, 20:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30