Спорт

Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық сында 8-орын алды

  • Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық сында 8-орын алды

    Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық сында 8-орын алды

 Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан эстафеталық сын аяқталды. Қазақстандық шаңғышылар 8-орыннан көрінді. Эстафеталық сайыста Норвегия құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kaz.vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


10 шақырымдық эстафеталық сайыста жарыс жолына бірінші болып Алексей Полторанин шықты. Ол қарсыластарын басып озып, бірінші келді. Кейіннен эстафета жолын жалғаған Денис Волотка, Евгений Величко және Виталий Пухкало нәтижені сақтап қала алмады. Қорытындысында Қазақстан құрамасы 8-орынды місе тұтты.


Эстафеталық сайыста Норвегия құрамасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені ресейлік шаңғышылар иеленді. Қоланы Франция құрамасы жеңіп алды.


Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір қола жүлде бар. Оны фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған болатын.

 


Baq.kz


 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.02.2018, 23:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31