Спорт

Қазақстандық шорт-трекшілер жартылай финалға шыға алмады

  • Қазақстандық шорт-трекшілер жартылай финалға шыға алмады

    Қазақстандық шорт-трекшілер жартылай финалға шыға алмады

Ерлер арасындағы 1500 метрлік жарыс жолында Нұрбергеннің жартылай финалға шығуына зор мүмкіндігі болған.


Қазақстандық шорт-трекшілер Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша мен Анастасия Крестова жартылай финалға шыға алмады.


Ерлер арасындағы 1500 метрлік жарыс жолында Нұрбергеннің жартылай финалға шығуына зор мүмкіндігі болған. Қазақстандық спортшы соңғы айналым алдындағы бұрылыста сәтсіз қимыл жасап, жығылып қалды. Отандасымыз жоғары қарқынмен екінші орында келе жатқан болатын.


- Мұз айдынның ойылған тұсын аңғармай қалдым. Шорт-тректе мұндай болып тұрады. Соңғы айналым еді. Әр айналым сайын айдынның сапасы нашарлайды.


Алда 500 м, 1000 м мен 5 000 метрлік жарыстар бар. Барлығында жақсы өнер көрсетуге тырысамын. Маған барлық қашықтықтар ұнайды. Барлығы алда деп білемін. Қолдауға келген және Қазақстандағы жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Осылай болып қалды. Спортта мұндай жағдайлар болып тұрады, - деді Нұрберген Vesti.kz тілшісіне берген шағын сұхбатында.


Денис Никиша төртінші болып келіп, жартылай финалға өтпеді. Сондай-ақ қыздар арасындағы 500 метрлік сында Анастасия Крестова үздіктер қатарына іліге алмады.


Шорт-тректен бүгін ерлер арасындағы жарыстың жеңімпаздары анықталады. Ал қыздар арасындағы 500 метрлік сынның жүлдегерлері 13 ақпанда белгілі болады. Сондай-ақ сол күні ерлер арасында 1000 метрлік сайысты өтеді.


kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

сенбі, 10.02.2018, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31