Спорт

Қазақстандық велосипедші Дана Ахметова 17 жасында көз жұмды

  • Қазақстандық велосипедші Дана Ахметова 17 жасында көз жұмды

    Қазақстандық велосипедші Дана Ахметова 17 жасында көз жұмды

Спортшы қыз бір апта бұрын жарыс кезінде есінен танып қалып, ауруханаға жатқызылған.


Алматы қаласының 7-ші қалалық аурухананың реанимациясында велосипедші Дана Ахметова кенеттен көз жұмды, деп хабарлады Қазақстан велосипед спорт Федерациясының баспасөз қызметі. Федерацияның ақпаратына сәйкес, 23 маусымда 17 жастағы спортшы Алматыда өтіп жатқан IV Жастар спорттық ойындарында есінен танып құлаған. Жедел жәрдем бригадасы Дананы реанимацияға жеткізген. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалады. Спортшы есін жимастан қайтыс болды. Дана Ахметова Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білім алған. Қазақстан Республикасының спорт шебері 2016 жылдан бастап Олимпиялық дайындық орталығының спортшылары тізіміне алынған. Маусым басталғалы бері Жастар ойындарының шосседегі сайысында — күміс, тректегі сайыста — 2 қола медалін иемденген болатын. Оның қазасы барлық велоқауымдастық мүшелері үшін ауыр қайғы болып отыр. Қазақстан велосипед спорт Федерациясы Дана Ахметованың отбасына қайғырып көңіл айтады.




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

жұма, 30.06.2017, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31