Спорт

Қазақстаннан шыққан биатлоннан әлем чемпионы Ресейдің намысын қорғайтын болды

  • © Vesti.kz

    © Vesti.kz

18 жастағы қазақстандық биатлоншы Арина Пантова жаңа маусымнан бастап Ресей құрамасының намысын қорғайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Пантова бұл шешімін Instagram желісінде түсіндірді. Айтуынша, спорттық азаматтығын ауыстырудың басты себебі отбасылық жағдай болыпты - әкесі туған қаласы Павлодардан Түменге көшіп, енді сол жақта бапкерлік қызмет атқарады.


"Бұл жағдайдың мән-жайын айту орынсыз болмайтын шығар. Менің басқа елдің атынан өнер көрсетуім ақшаға байланысты емес! Мұның себебін бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіруге болады. Әкемді осында жұмысқа шақырыпты - болды! Мұнда бәсекелестіктің зор болуы қайта жақсы - қызығырақ болады. Ал Қазақстанды әрдайым жақсы көрдім, жақсы көре беремін де! Бұл ел жайлы ешқашан жаман сөйлеген емеспін", - деп жазды Пантова.



Пантова (ортада)


2016 жылы Пантова юниорлар арасындағы әлем чемпионатында із қуу жарысынан алтын медаль иеленген еді, ал Жасөспірімдер Олимпиадасында спринттен үшінші келді. Пантова Павлодарда туып-өскен, оның шешесі Виктория бапкер, қызының бірінші ұстазы болған, әкесі Дмитрий Қазақстан құрамасында 1994, 1998, 2002 жылдардағы Олимпиадада жарысқа қатысқан, ағасы Антон 2007 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп келеді және өткен маусымда Универсиада-2017 және Азиада-2017 жарыстарында күміс медаль иеленген.


 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31