Спорт

Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы жекпе-жектері жарияланды

  • Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы жекпе-жектері жарияланды

    Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы жекпе-жектері жарияланды

Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы айқастары белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан кәсіби боксы жобасының Фейсбуктегі парақшасыда жария болды.


8 шілдеде Қазақстан боксшысы Ержан Залилов кәсіби рингтегі жекпе жегін Испанияның Бильбао қаласында өткізеді. Ол 17 наурызда Ресейде өткен жекпе-жекте Өзбекстан боксшысы Хумоюн Рустамовты жеңген еді.

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегі 15 шілде күні АҚШ-тың Калифорния штаты, Инглвуд қаласында өтеді. Қарсыласының кім екені белгісіз. Бұл күні мексикалық Мигель Берчелт (31-1, 28КО) пен жапондық Такаши Миурой (31-3-2, 24КО) арасындағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына таласы басты айқас болмақ.


Аталған шоудың келесі жекпе-жегінде осы салмақтағы WBA (Super) чемпионы панамалық боксшы Джезриль Корралес (21-1, 8КО) белбеуін қорғау айқасында мексикалық Робинсон Кастелланосқа (24-12, 14КО) қарсы шығады.


Мейірім кәсіби рингте екі рет жеңген. Ол орта салмақ қатарында. Ал, Мұса Тұрғыналиев АҚШ-та лағаш рет кәсіби ринге шығады.

Айдар Шәрібаев чемпиондық белдікке таласады. Ол әуесқой бокста 250 жекпе-жек өткізген. Кәсіби рингке ауысқанына 3 жыл болды. 6 айқасының бәрінде жеңді. Оның ішінде 5 қарсыласын нокаутпен құлатты. Ол Қанат Исламның спарринг-қарсыласы болып шетелдегі оқу-жаттығуларда бірге жүрді.


Айдар Шәрібаев ЭКСПО көрмесі кезінде чемпиондық белдіке таласып, жаттығу өткізу үшін АҚШ-қа кетеді. Оның да қарсыласының кім екені әзірге белгісіз.


stan.kz




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.06.2017, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30