Спорт

"Классиктеріміздің" кежегесі кейін тартты

  • "Классиктеріміздің" кежегесі кейін тартты

Бүгін Тегеранда (Иран) грек-рим күресінен 2014 жылғы командалық әлем кубогы тамамдалады. Өкінішке қарай, Қазақстан балуандары жүлделі орындарға маңайлай алмады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.

Командалық әлем кубогына өткен жылдың қорытындысы бойынша дүниежүзінің он үздік құрамасы қатысқан болатын. «Классиктер» арасындағы биылғы әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, АҚШ, Түркия, Венгрия балуандарымен «А» тобына түскен болатын. Ал «В» тобында Иран, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Армения және Финляндия балуандары белдесті.


fila-official.com фото

Бақтияр Байсейітов бастап барған Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Ресей балуандарынан 0:8 есебімен күйрей ұтылды. Сегіз салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан балуандарымыздың ешқайсысы да қарсыласына қайрат көрсете алмады:

Қазақстан – Ресей – 0:8

59 келі: Дәулет Әбсәлімов – Мингиян Семенов – 0:4

66 келі: Асхат Жаңбыров – Артем Сурков – 0:4

71 келі: Демеу Жадыраев – Чингиз Лабанов – 0:5 (кілемге шыққан жоқ)

75 келі: Асхат Ділмұхамедов – Евгений Салеев – 8:9

80 келі: Даниял Гаджиев – Евгений Богомолов – 0:3

85 келі: Алхазур Оздиев – Давид Чакветадзе – 0:4

98 келі: Илья Насточенко – Рустам Тотров – 0:8

130 келі: Есенгелді Жалғасбаев – Виталий Ильницкий – таза жеңіліс.

Бұдан кейін Венгрия құрамасымен кездесіп, жеңіп тұрып, жеңісті қолдан берді. Ауыр салмақтағы балуандарымыз сенімді ақтай алмай, жігерімізді құм қылды.

Қазақстан – Венгрия – 4:4 (12:16)

59 келі: Дәулет Әбсәлімов – Ксонгор Книпли – 6:1

66 келі: Асхат Жаңбыров – Криштян Ягер – 2:0

71 келі: Демеу Жадыраев – Балинт Корпаси – 0:3

75 келі: Асхат Ділмұхамедов – Ласло Сабо – 4:0

80 келі: Даниял Гаджиев – Габор Мадараш – 6:0

85 келі: Алхазур Оздиев – Виктор Лоринш – 0:9

98 келі: Илья Насточенко – Балаш Кисс – 2:4

130 келі: Есенгелді Жалғасбаев – Балинт Лам – 0:3

Бұдан кейін біздің жігітер түрік балуандарымен кездесен. Әу баста отандық электронды басылымдар «біздің құрама 5:3 есебімен жеңіске жетті» деп ақпарат таратқан еді. Бірақ FILA-ның (Халықаралық күрес түрлері федерациясының) ресми сайтында мүлде басқа нәтиже тұр:

Қазақстан – Түркия – 4:4 (14:21)

59 келі: Даулет Әбсәлімов – Сериф Килик – 9:1

66 келі: Асхат Жаңбыров – Басар Энеш – 3:1

71 келі: Демеу Жадыраев – Юнус Озел – 6:2

75 келі: Асхат Ділмұхамедов – Фуркан Байрақ – 3:3 (жеңіс түрік балуанына берілді)

80 келі: Даниял Гаджиев – Селчу Чеби – 0:2

85 келі: Алхазур Оздиев – Метан Басар – жеңіс түрік балуанына берілді

98 келі: Илья Насточенко – Сүлейман Демирчи – 6:2

130 келі: Есенгелді Жалғасбаев – Атила Гюзел – 8:0

Ең соңғы кездесуде АҚШ балуандарынан басым түсіп, ақыры заңды түрде жеңіске жетік.

Қазақстан – АҚШ – 5:3

59 келі: Даулет Әбсәлімов – Райан Манго – 13:7

66 келі: Асхат Жаңбыров – Равух Перкинс – 1:0

71 келі: Демеу Жадыраев – Патрик Смит – 16:7

75 келі: Ешкім шыққан жоқ – Эндрою Бисек – жеңіс АҚШ балуанына берілді

80 келі: Даниял Гаджиев – Джордан Спейлер – 8:0

85 келі: Алхазур Оздиев – Джордан Холм – 0:8

98 келі: Илья Насточенко – Дарен Бёрнс – 9:0

130 келі: Есенгелді Жалғасбаев – Роберт Смит – 0:8

Сөйтіп, қазақстандық грек-рим күресі шеберлері «А» тобында 4-орынға ие болды. Енді олар «В» тобында 4-орынды иеленген Финляндия құрамасымен 7-орын үшін таласады:

«А» тобы: 1. Ресей, 2. Венгрия, 3. Түркия, 4. Қазақстан, 5. АҚШ

«В» тобы: 1. Иран, 2. Әзірбайжан, 3. Оңтүстік Корея, 4. Финляндия, 5. Армения.

Сөйтіп, финалда биыл да Ресей және Иран балуандары кездесетін болды. Былтыр Ресей құрамасы 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қола жүлдеге Венгрия және Әзірбайжан балуандары таласады. Ал былтырғы әлем кубогында 5-орынға ие болған Қазақстан құрамасы биыл кем дегенде екі саты төмендеп кетті.


PS:

Осыдан бірер минут бұрын Қазақстан құрамасы Финляндия және Литва балуандарынан жасақталған командадан басым түсіп, 7-орынға ие болды. Негізі, жалпы есеп 4:4 болған. Бірақ әр белдесудегі ұпайларды қосқанда, 17:15 есебімен біздің құрама басым түсті.

Асхат Ділмұхамедовтің қарсыласы кілемге шықпаса, Асхат Жаңбыров, Демеу Жадыраев және Алхазур Оздиев өз қарсыластарын ұтты. Ал Даулет Әбсәлімов, Даниял Гаджиев, Илья Насточенко және Есенгелді Жалғасбаев өз қарсыластарына есе жіберіп алды.   




Көрілген: 865    Пікірлер: 0

жұма, 16.05.2014, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31