Спорт

Кореялық чемпион қыз Қазақстан азаматтығын алды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Оңтүстіккореялық Ким Йонг А Қазақстан азаматтығын алды және ол Пхенчханда өтетін Олимпиада 2018 ойындарында біздің елдің атынан өнер көрсетеді. Ким - шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасының үміті.


Коньки спортына қыз бала төртінші сыныптан қызыққан. Кейінірек Кореяның және Азияның ең үздік спортшысы атанды. Біздің елге оның бұрынғы бапкері шақырған, ол Қазақстан құрамасын жаттықтырады. Қыздың ата-анасы азаматтық ауыстыруға оң көзбен қараған. "Қазіргі уақытта кез келген адам өзіне ұнаған елдің азаматтығын алуына болады. Сен өзіңді сол елде спортшы ретінде қалыптастыра алсаң - бұл тамаша. Мен Қазақстан халқының мейірімді әрі жақсы тұратынын білемін. Үлкен территория адамдарға бостандық береді. Кореямен салыстырғанда онда ауа таза", - дейді спортшы қыздың әкесі Ким Джонг Гон.

Қазақстан құрамасында Ким Йонг А-ға жаңа есім берілді - Әлия (Әлия Молдағұлованың құрметіне). Астанада тұрған үш жылдың ішінде кореялық қызға қазақ тағамдары ұнаған, қазіргі уақытта ол қазақ тілін меңгеріп жатыр. Қазақстанда 40 градустық аяздар мен тізеден келетін қарға таңғалған. "Кореяда мұз алаңдары Қазақстанға қарағанда әлдеқайда суық. Бұл жаттығуға ыңғайлы. Мен Пхенчханда өтетін Олимпиадада жеңу үшін барымды саламын. Бұл менің өмір бойы тұрған жерім, ауа райын жақсы білемін және тағамы да мен үшін үйреншікті", - деді шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі.


 


24.kz




Көрілген: 258    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 29.11.2017, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31