Спорт

ҚР шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваға қатысты дау-дамайға пікір білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Қазақстан шахмат федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі жас шахматшы Бибісара Асаубаева мен ресейлік бапкер Евгений Соложенкин арасындағы дау-дамайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды   ҚазАқпарат   тілшісі.


«Өздеріңіз білетіндей, қазір Бибісара Қазақстан шахмат федерациясының мүшесі емес. Олар Ресейге қоныс аударуды ұйғарған еді. Әрине, отандасымызды сыртынан бақылап, келеңсіз оқиғаны қадағалаудамыз. Бірақ, қазір бір сөздің өзі оған қарсы пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан, сот өтпейінше, тұжырым айтпай-ақ қоялық», - деп жауап берді «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ атқарушы директоры Ирина Грищенко ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.


И. Грищенко сотқа нағыз кәсіби мамандардың қатысатынына және әділ шешім шығатынына сенім білдірді. Оның пікірінше, бұл оқиға Бибісараның болашақтағы мансабына еш ықпалын тигізбейді.


«Бибісараның талантты қыз екенін бұрын да айтқанмын және қазір де қайталаймын. Бүкіләлемдік шахмат аренасындағы болашағы тек өзіне, ынтасына және мүмкіндіктеріне байланысты. Ол өте қажырлы, жігерлі қыз және мұндай ыңғайсыз психологиялық жағдайлар оның болашағы мен шахматтағы ойындарына ықпал етеді деп ойламаймын», - деп атап өтті Ирина Грищенко.


Өткен жылдың қыркүйек айында ресейлік бапкер Евгений Соложенкин әлем чемпионатында Бибісара Асаубаеваны электронды көмекші қолданды деп айыптаған еді. Өз кезегінде адвокат Александр Добровинский Facebook желісінде Бибісараны қорғайтынын жазды. Енді мәселенің анық-қанығы Мәскеу сотында қаралады.


Бибісара Асаубаева - Тараз қаласының тумасы және Қазақстанның намысын қорғап төрт мәрте әлем чемпионатында жеңіске жеткен. 2016 жылы спортшы Ресейге қоныс аударып, Ресей атынан жарыстарға шыға бастады.




 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 17:33

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30