Спорт

Қуат Хамитов жекпе-жекке шақырған Әмірхан Тілеуовке жауап берді

  • © Sports.kz

    © Sports.kz

ММА-ның қазақстандық танымал спортшысы Қуат «Найман» Хамитов өзін жекпе-жекке шақырған Әмірхан Тілеуовке жауап берді, деп хабарлайды «Казинформ»  тілшісі.


ММА шебері отандасының шаршы алаңда кездесу туралы ұсынысына ескі тәмсілмен жауап қатқан.


«Мен былайша жауап берейін: Бір күні арыстанға ит келіп, оны шайқасқа шақырады. Бірақ арыстан оған назарын да аудармапты. Сонда ит: «Егер сен менімен төбелеспесең, мен барлық достарыма арыстанның менен қорқатынын айтып беремін», - депті. Арыстан сонда: «Иттермен төбелесіп жүр екен дегенше, иттерден жасқанады екен» деп айта берсін деген екен. Мені кім шайқасқа шақырғанын естімедім. Бірақ кім болса да, менімен бетпе-бет келетін адам лайықты қарсылас болсын!Әлемнің үш дүркін чемпионы және Азия мен Қытайдың үздік спортшысы кім көрінгенмен жұдырықтаса бермейді», - деді спортшы.


Жекпе-жекке шақырудың түпкі себебі Қуат Хамитовтың қазақстандық футболшыларға айтқан сынынан шыққан еді.


Ол тұста «Найман» елдегі футболды дамытуға бөлінетін қаражаттың желге ұшып кетіп жатқанын жазған еді. «Астана» мен «Селтик» арасындағы екінші ойынның қорытындысы Қуат Хамитовтың ойын өзгерте алмапты.


«Бұл ойынның нәтижесі бірінші матчта-ақ шешіліп қойған. Екінші кездесуге жаңадан ойнап жүргендер, яғни қосалқы құрам келген. Сондықтан, ақымақтардың басқасынан бәрі де «Селтиктің» бұл матчқа қызығушылық танытпайтынын білді. Жалпы алғанда, барлық журналистер мен футбол жанкүйерлеріне айтарым бар: Сіздер Әлем кубогы дәрежесіне жеткен кезде ғана маған футбол туралы сұрақ қойсаңыздар екен», - деді «Найман».


Бұдан бұрын қазақстандық боксшы Әмірхан Тілеуов «Найман» атты лақап аты бар Қуат Хамитовты 26 тамызда Шәріпова мен Колеваның арасында өтетін шоуда кездесуде шақырған болаты. Бокс кеші «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Амфитеатрда ұйымдастырылмақ.


 




Көрілген: 607    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 24.08.2017, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31