Спорт

Қуат "Найман" МакГрегордың отандасын ұпай айырмасымен жеңді

  • Қуат

    Қуат "Найман" МакГрегордың отандасын ұпай айырмасымен жеңді

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Алматыдағы FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирінің басты кездесуінде ирландиялық Питер Куиллимен жолығып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.


Алғашқы раундтарда "Найманның" басымдығы байқалса, кейінгі раундтарда ирландиялық спортшы белсенділік танытты. Жекпе-жек жоспарланған 5 раундқа созылып, қарсыластар бір-бірінің аңдысын таба алмады. Нәтижесінде екі төреші қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныса, бір төрешінің есебі тең шықты.


Жекпе-жек соңынан Қуат Хамитов жанкүйерлерге өз алғысын білдірді. Ал Питер Куилли төрешілер шешімімен келіспейтінін айтып, «тең есеп тіркегенде әділетті болар еді» деп қысқа қайырды.


Өзге кездесулерде қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Георгий Кичигин FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирінде ресейлік Магомед Нуровпен жекпе-жекке шығып, өз чемпиондық атағын қорғап қалды. Қарсыласын төртінші раундта қолын қайыру әдісіне салып, жеңіске жетті.


Жалғас Жұмағұлов ұлыбританиялық Шадж Хэкті, Жұман Жұмабеков молдовалық Иван Андрущенконы төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіп шықты.


kaz.vesti.kz




Көрілген: 338    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 27.11.2017, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31