Спорт

Құқық қорғаушылар доп тебеді

  • Құқық қорғаушылар доп тебеді

    Құқық қорғаушылар доп тебеді

Тамыздың 7-де тарихы терең «Динамо» стадионында футболдан Алматы қалалық құқық қорғау органдары мен арнайы құрылым арасындағы «Динамо» Достық Кубогі турнирінің финалдық ойындары өтеді.

Бір жарым ай көлемінде Алматы гарнизонындағы 20 ұжымның аяқ доп шеберлері өз тобынан шығып, финалға жолдама алу үшін көптеген кездесулер өткізген болатын. Нәтижесінде үшінші орын үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы мен Алматы қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті таласқа түседі. Жүлделі бірінші орын жолында Алматы қалалық Ішкі істер департаменті мен Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары жолығады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын, Футбол федерациясының өкілдерін, жас футболшылар мен футбол клубтарының тәрбиеленушілерін, құқық қорғау органдары мен спорт ардагерлерін сайысты тамашалуға шақырамыз! Кіру – тегін. Басталуы 18.30.




Айта кетер жайт, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің 18 мыңнан астам қызметкерлері 20 дене тәрбиесі ұжымына біріккен. «Динамо» ДШСҚ Алматы қалалық филиалы олардың арасында жоспарлы дене дайындығы жұмыстарын және қызметтік-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізіп отырады. Қызметкерлерді салауатты өмір салтына баулитын бұл бағыттағы спорттық жарыстардың мамандардың денсаулығына тигізер пайдасы да көп екені анық.

 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.08.2017, 11:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30