Спорт

Қысқы Олимпиада ойындарына бару қазақстандықтар үшін қаншаға түседі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

2018 жылы Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына билет сату бойынша ресми өкіл - «Complete Service» компаниясы қазақстандықтар үшін Олимпиадаға бару қаншаға түсетінін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Ақпанның 8-17 аралығында Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында қонақ үйдегі екі кісілік орында бір адам үшін 4 440 АҚШ доллардан басталады. Бір кісілік орын үшін 6 465 АҚШ долларлық сома төлеу керек. Көрсетілетін қызмет топтамасына шараның ашылу салтанаты мен сайыстың бес түрін (биатлон, фристайл, шорт-трек және тағы екі спорттың түрі) тамашалау кіреді.


Ал ақпанның 17-26 аралығында Каннын қаласында екі кісілік орынға бір адамның орналасу бағасы 4 340 АҚШ долларына жетсе, бір кісілік орын 6 365 АҚШ доллардан басталады. Көрсетілетін қызмет топтамасына шараның жабылу салтанаты мен сайыстың бес түрін (шаңғы спорты, трамплиннен секіру, шорт-трек және тағы екі спорттың түрі) тамашалау кіреді.


Топтамаға сонымен бірге әуежай мен қонақ үйдегі трансфер мен медициналық сақтандыру енгелі отыр. Бұған қоса көрсетілетін қызмет бойынша қосымша Алматы-Сеул-Алматы, Астана-Сеул-Астана авиабағытының билеттері (242 мың теңге, бірақ брондау кезінде билет бағасын нақтылап алған жөн) төленеді.


 




Көрілген: 186    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 05.01.2018, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31