Спорт

"Мен "Канелоны", Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді - Қанат Ислам

  • "Мен "Канелоны", Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді - Қанат Ислам

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Ислам алға қойған мақсаттары мен жұдырықтасқысы келетін қарсыластардың есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Мен тек мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын. Бокспен айналысқаныма 25 жыл болды. Олимпиада ойындарына екі рет қатыстым, қола медаль алып, әуесқой деңгейдегі әлем чемпионатына да қатыстым. Бірақ енді мен жас боксшы емеспін. Әлем чемпионы титулы үшін күресуге дайын болу үшін кәсіпқой бокстағы бес жыл жеткілікті болды", - деді Қанат Ислам Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында. Боксшының айтуынша, ол қазір алға қойған мақсаттарына жету үшін бар күшін салып жатыр. "Мен "Канелоны", Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елінің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп күттіртпеймін, жақында менің әлем чемпионы титулына таласқан жекпе-жекте көресіздер. Мен сіздерді жерге қаратпаймын", - деді Қанат Ислам. Осыған дейін қазақстандық боксшы осыған дейін келесі жекпе-жегін АҚШ-та мамыр айында өткізетінін айтқан еді. Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 18 ақпанда АҚШ-та өткізген еді. Қазақстандық боксшы WBA Fedelatin белбеуінің иегері Қанат Ислам кәсіпқой бокста ганалық қарсыласы Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңіске жеткен еді.




Көрілген: 440    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 10:30

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31