Месси тағы бір жаңа қырынан танылды (видео)
Танымал футболшы Лионель Месси тағы бір жаңа қырынан танылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Желіде каталондық «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Мессидің фортопианода ойнап отырған сәті түсірілген видео тарады.
Ол неміс композиторы Георг Фридрих Гендельдің шығармасын, яғни Чемпиондар Лигасының гимнын орындауда.
30 жастағы «Алтын доптың» иегері футболды ғана жақсы ойнамайды екен. Сонымен қатар оның музыкадан да хабары бар екені белгілі болды.