Спорт

Олимпиада чемпионы Баландин әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтты

  • Олимпиада чемпионы Баландин әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтты

    Олимпиада чемпионы Баландин әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтты

 Баландин әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Венгрияның астанасы Будапеште өткен әлем чемпионаты аяқталды. Өкінішке қарай, жүзуден қазақстандық олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин бұл жолы елімізге жүлдесіз келді.


Баландин әлем біріншілігінде 100 метрге жүзуде 21-орынмен шектеліп, жартылай финалдағы 16 қатысушының қатарынан көріне алмады. Одан кейін 50 метрге жүзуде (спринт) 26-орыннан табылды.


Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге жүзуде жартылай финалға шықты. Ол олимпиадада 2.07,46 минут нәтиже көрсетіп, дәл осындай қашықтықта 2016 жылы Рио олимпиадасында алтын алған болатын. Жартылай финалда Баландин сәл жылдамырақ жүзіп 2.09,69 нәтижесін көрсеткенімен, сегіз финалистің арасына шығуына бұл жеткілікті болмай қалды. Сөйтіп, біздің отандасымыз 13 орынмен жарысты аяқтады. Бұл қашықтықтағы алтын ресейлік Антону Чупковқа (2.06,96) бұйырды. Күміс пен қола жапондықтарға, яғни Ясухиро Косэки мен Иппэи Ватанабе бұйырды. Бір жыл бұрын осы жүлдегерлер Рио олимпиадасы ойындарында (2016) 3-ші, 5-ші және 6-шы орын алған болатын.


Енді, басқа да қазақстандықтарға да тоқталып өтсек.


Әділ Қасқабай 100 метр қашықтықта құлаштап жүзуден 50 секундта келіп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Уақыт көрсеткіші 49,81 болған ол 113 қатысушының ішінде 41 орынға тұрақтады. Сондай-ақ ол 200 метр шалқалап жүзуден 34 орында болды.


Әділбек Мусин 50 және 100 метрге жүзуден 31 және 37-ші орында болса, Екатерина Руденко (шалқалап жүзу) 50 және 100 метрге жүзуден 41 және 35 орыннан көрінді.


Жүзу спортынан көп алтын медаль алған АҚШ құрамасы – 18, британ спортшылары – 4, ресей, қытай, швед, итальян спортшылары – 3 медальдан иеленген.


Қазақстанның су полосынан ерлер командасы жалпы есепте 11 орын алды. Айта кетейік, итальяндықтардан бірінші раунда (7:12) жеңілгеннен кейін олар 9-12 орындар үшін күрескен еді.


Біздің ватерполистер испандықтардан (6:12) ұтылып, одан кейін бразилиялықтарды (9:5) жеңген болатын. Бұл ойында Хорватия, Венгрия және Сербияның командалары жүлделі орындарға ие болды.


Қазақстанның су полосынан әйелдер құрамасы қорытынды матчта оңтүстік африкалықтарды (6:4) есебімен жеңіп, 15-ші орынға шықты. Осы ойында АҚШ, Испания және Ресей жеңіске жетті.

 


Baq.kz


 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.07.2017, 19:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31