Спорт

Олимпиада чемпионы болған қазақ қызы: Өзімді 100 пайыз беларуспын деп есептеймін

  • Фото: biathlon.by

    Фото: biathlon.by

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан Беларусь командасында өнер көрсетіп, алтын медальді иеленген Қазақстан тумасы елге деген көзқарасын айтты. Бұл туралы sport.tut.by порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Динара Әлімбекованың сөзінше, ол өзін 100 пайыз беларуспын деп есептейді.


"Отбасым Абайдан Чаусға мен небары үш жаста болғанда көшіп кетті. Қазақстанда өткен жылдарым есімде жоқ. Жарыс жолына қазақстандық спортшылармен қатар шыққанда жан дүниемде ешқандай өзгеріс байқамаймын. Менің бүкіл саналы ғұмырым Беларуссиямен байланысты, өзімді 100 пайызға беларуспын деп есептеймін", - дейді ол.

Айта кетейік, Динара Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Бойжеткеннің әкесі - қазақ, анасы - беларусь.


Кешегі Пхенчхан төрінде биатлоннан 4х6 шақырымдық әйелдер эстафетасында құрамында Динара Әлімбекова Надежда Скардино, Ирина Кривко және Дарья Домрачева өнер көрсеткен Беларусь құрамасы жеңімпаз атанды.


Бұл сайыста күміс медальды швед биатлоншылары, қоланы Франция құрамасы иеленді. 




Көрілген: 2117    Пікірлер: 2

жұма, 23.02.2018, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31