Спорт

Пхёнчхандағы қызықты 3 кейс

  • Пхёнчхандағы қызықты 3 кейс

    Пхёнчхандағы қызықты 3 кейс

Кейс 1.


Шон Уайт. 3 дүркін олимпиада чемпионы. Сноубордтағы хафпайп дисциплинасы.

Тумысынан чемпион. Жүрек ақауымен туып, туған бойда жүрегіне "ашық түрде" екі рет ота жасалады. Кейіннен тағы бір рет жүрегі пышаққа ілінеді. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан өмір үшін, жеңіс үшін салы суға кетпей арпалысушы.

Ата-анасы табысы ортанқол бола тұра, тапқан-таянғанын Шонның машықтары беки түсуі үшін жұмсаған. Спортқа икемі кәсіби жаттықтырушылардың көзіне түсіп, Турин мен Ванкуверде чемпион атанады. Пхёнчханға дайындық кезеңінде Жаңа Зеландияда оңбай құлап, бетінің дап-даласы шығады. Беті 62 жерінен ойылады. Бұл паззлды доқтырлар амалын тауып тігіп, қыртысын жазады. Шон Корея төрінде олимпиадалардағы үшінші алтынын қанжығаға байлайды.


Кейс 2.

Желаяқ Болт олимпиада атлеттеріне челендж тастайды. Егерәки чемпион болған кімде-кім мәре сызығынан соң Усейнге тиесілі әлгі қос қолын айқастыра жұлдыздарға қарата жасайтын жестін қайталап, суретін әлеуметтік желіге салса, оған қымбат шампан бөтелкесін бермекке серттеседі. Шаңғы жарыстарының тарихында ең жас чемпион атанған норвегиялық Йоханнес Клөбө айтулы жестті қайталамайды, бірақ Болттың өзіне ұсыныс жасайды. "Мықты болсаң жарыс жолағына бірге шығайық, сен жүгір, мен шаңғымен ілесейін. Қай жеңгеніміз шампанмен маратталсын" деп аңызды өкшелеп жатыр. Усейн әзірше жауап қатпады.


Кейс 3.

АҚШ коньки тебушісі Дэвис Шани ашылу салтанатында ел туын көтеріп шығу үшін елішілік дауыс беруде шанамен сырғанаушы Эрин Хэмлинмен бірдей дауыс жинайды. Туды желбіретіп шығаратын кісі тиын тасталып, бүк-шик түсуіне қарай Эрин таңдалады. Оған Шани енді өзі бүк түсіп, өкпесі қара қазандай боп, ашылу салтанатына бармай қояды. 1500 метр дисциплинасында да іс насырға шауып, бар болғаны 19 орынға ілігеді. Енді АҚШ-тағы жанкүйерлер дүрсе қоя береді: Шаниді құрамадан аластату үшін петицияға жапатармағай қол қоя бастайды. Алда 1000 метр дистанциясы. Дэвис Шани нағыз сыналар сәт... Әліптің артын бағайық...

 


Нұрғиса Асылбеков, 


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.02.2018, 19:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31