Спорт

Полиция Мейвезердің әкесін қамауға алу туралы санкция берді

  • © Daily Express

    © Daily Express

АҚШ полициясы әйел адамға шабуыл жасады деген күдікпен Флойд Мейвезердің әкесін қамауға алу туралы ордер берді, - деп хабарлайды TMZ.


Дереккөз мәліметінше, оқиға былтыр қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен жекпе-жектен соң болған.


Мейвезердің әкесі көлікте өзімен тұратын әйелмен жанжалдасып қалған. Ер адам әйелді түсіріп кеткісі келген, алайда әйел қарсылық білдірген. Сол кезде ер адам әйелді салоннан күштеп шығарған, жәбір көруші аяғын жарақаттап алған. Осыдан кейін әйелді ауруханаға жеткізген.


16 қаңтарда полиция Мейвезердің әкесін қамауға алу туралы ордер берді. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді. Америкалықтың өкілі әйел адамның тек пайда табу мақсатында осы әрекетке барып отырғанын айтады.


Мейвезердің әкесі де кәсіпқой боксшы болған. Ол спорттық мансабында 35 кездесу өткізіп, 28 рет жеңіске жетіп, алты рет жеңілген және бір рет тең түскен.


kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.01.2018, 14:56

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30