Спорт

Рио Олимпиадасының чемпиондарына пәтер әлі күнге берілмеген

  • Рио Олимпиадасының чемпиондарына пәтер әлі күнге берілмеген

    Рио Олимпиадасының чемпиондарына пәтер әлі күнге берілмеген

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздарына берілетін пәтер дайын және заң тұрғысында рәсімделу үстінде. Барлық спортшыға пәтерлер беріледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Премьер-министрдің бірінші орынбасарымен жиналыс өтті, біз барлық облыс жетекшілеріне заңды құжаттың болуына тапсырма бердік. Қазір пәтерлер дайын тұр, олар заң жүзінде дұрыс рәсімделуі тиіс. Неге беруге асықпай жатқанымызды білесіз бе? Кейде спортшыға пәтер беріп қойып, сосын бірнеше жылдан кейін заңсыздық болып қалатын жағдайлар кездеседі. Міне, осындай келеңсіз жағдайлар болмасын дейміз. Өкінішке қарай, осы айтылғандай жағдайлар болды, сондықтан барлығы заң жүзінде дұрыс болғанын қалаймыз. Сөз беремін, барлығы орындалады. Пәтерлер жайын, құжаттарын рәсімдеу қалды", - деп түсіндірді Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шарасында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.


Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына медаль алғаны үшін сыйақылармен қатар пәтер де берілетіні жайлы 2016 жылдың 1 тамызында белгілі болған. Алтын медаль алған спортшыға мемлекет үш бөлмелі пәтер береді, күміс медаль үшін екі бөлмелі, ал қола медаль үшін бір бөлмелі пәтер беріледі. Алайда барлық спортшы қазіргі уақытта уәде етілген пәтерлерін күтіп отыр.




Көрілген: 322    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 17.03.2017, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31