Спорт

Сауль "Канело" Альварес допингпен ұсталды

  • Сауль

    Сауль "Канело" Альварес допингпен ұсталды

Бұл ақпаратты оның промоутерлері растады.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында допинг-сынақтан өте алмады, - деп хабарлайды 
Vesti.kz.


Бұл мәліметті Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы растады. Компания бұл туралы БАҚ-тарға ресми мәлімдеме жасаған. Мәтін BoxingScene басылымында жарияланды.


Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.


Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады, дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растап отыр.


Альварес допинг-сынақтан өте алмағаны жайлы промоутер Том Леффлерге және Невада штатының Атлеттер комиссиясына хабарлаған, себебі бұл ұйым Лас-Вегастағы жекпе-жекті ұйымдастыруға жауапты.


Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің соңғы 12 жекпе-жегі бойы VADA допинн-сынамасынан өтуді міндет санағаны және ешқашан ереже бұзу бойынша күдікке ілінбегені айтылады. Алдағы уақытта ол жаттығу лагерін Мексикадан АҚШ-қа ауыстырып, жекпе-жекке дейін де, кейін де қажетті допинг-сынама тапсыруға дайын екен. 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

жұма, 09.03.2018, 13:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30