Үздік спортшылар марапатталды

Үздік спортшылар марапатталды

Бүгін Талдықорған қаласында 2016 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар марапатталды. Жалпы өткен жылы облыс спортшылары түрлі дәрежедегі 1300-ден астам медаль иеленген екен. Марапаттау рәсімін облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев өткізді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Серік Тұрдалиев өз сөзінде Алматы облысында мемлекет қолдауының нәтижесінде спорт саласына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. 

- 2016 жылы облыс спортшылары 1300-ден астам медаль әкелді. Солардың қатарында Әлемдік және Азия ойындарының аренасынан, беделді халықаралық турнирлерден түрлі деңгейдегі медальдарды иеленіп оралған Карина Горичева, Раушан Қойшыбаева, Маргарита Елисеева, Жәнібек Әлімханұлы, Альберт Линдер, Анжела Шалқарова, Марина Седнева, Динара Болатбекованы атап өтуге болады. Бұл Елбасымыздың саясатының арқасында облыстағы спорт дәл басқа салалар секілді қарқынды дамып келе жатқанының айғағы, - деді С. Тұрдалиев.

Басқосуда 30-ға тарта үздік спортшылар мен олардың жаттықтырушылары дипломдармен, 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Олардың арасында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойынданының қола жүлдегері Карина Горичева мен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Раушан Қойшыбаева да бар.

Спорттық мекемелер мен клубтар да назардан тыс қалмады, ұжымдардың әрқайсысына 500 мың теңгеден сыйақы берілді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласындағы № 1 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, «Іле» кәсіби гандбол клубы, Қарасай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі» облыстық федерациясы марапатқа ие болды.

Спорт тақырыбын насихаттап жүрген журналистер де марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді.

Кездесу соңында Серік Тұрдалиев:
- Елімізді шет мемлекеттерге танытып жатқан спортшыларға ерен еңбектері үшін алғыс айтамыз. Спортшыларымыз Жетісу өңірінің өсіп-өркендеуіне де өз үлестерін қосуда. Мемлекет басшысының қамқорлығының арқасында қажетті материалдық-техникалық базамызды қосқанда бізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Оған қоса спортшыларға қолдау көрсетіліп, стипендиялар беріліп келеді. Жетістіктеріміз бар, бірақ алда одан да биік межелерді бағындыру міндеті тұр, - деді сөзінің қорытындысында.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары бұқаралық спортқа ерекше назар аударылатынын айтты. Мәселен, биылғы жылдың өзінде облыс аудандарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 3 минифутбол алаңы салынады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста