Спорт

Винокуров: Жағдай қиын. «Астана» жабылуы мүмкін

  • Винокуров: Жағдай қиын. «Астана» жабылуы мүмкін

    Винокуров: Жағдай қиын. «Астана» жабылуы мүмкін


«Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров команда төңірегіндегі жағдай туралы айтып берді. Спортшының сөзінше, қаржы бөлінбегеннен кейін, жоба жабылудың алдында тұрған көрінеді, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.



Винокуровтың айтуынша, бірер айдан кейін маусым басталады. Команда жаттығу жиындарын да өткізген. Алайда жыл басынан бері жобаға қаржы бөлінбепті.


«Жарыстарға үнемделген қаражат есебінен барып жүрміз. Спортшыларға жалақы төленіп жатқан жоқ», – дейді ол.


Велошабандоздың сөзінше, қазіргі уақытта жағдай ушыға түскен. Тіпті, салдарынан жоба жабылып қалуы мүмкін.


«Бұған дейін Елбасының бастамасымен құрылып, спортта өз нәтижесін көрсеткен жобаға қауіп төніп тұрғаны өкінішті», – дейді спортшы.


Stan.kz





Көрілген: 416    Пікірлер: 0

сенбі, 24.02.2018, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31