Cуреттер сөйлейді

12 жасында монастырьге аттанған балақай қызға айналып кетті (фото)

  • © videoboom.cc.

    © videoboom.cc.

12 жасында монастырьге аттанған тайлық балақай қызға айналып, бүгінде әлем сахнасын бағындыруда деп жазады videoboom.cc.


Фажаранат Нобантао католиктік бай отбасында дүниеге келген. Балалық шағы қатаң тәртіпте өткен, ол жеке мектепке барып білім алған.


Бірақ баланың жасы 12-ге толғанда отбасында қаржылай мәселелер туындай бастады. Таршылықтың әсерінен ата-анасы балаларына жақсы өмір сыйлау үшін әртүрлі жол іздей бастады. Осылайша кішкентай Фажаратты буддалық монастырге жібереді. Ата-анасы монастырде баласының баспанасы мен тамағы болады деп ойлады.


Алайда, тағдырдың Фажаратқа жоспары мүлде бөлек еді. Ең қызығы, балаға монастырде өмір сүру қатты ұнады. Бірқалыпты өмір балаға жайлылық сайлай алды. Бірақ әрбір медитациямен діни рәсімдерден соң бала өзінің басқа денеде өмір сүріп жатқанын түсінді.




Өзімен қатар төрт тәрбиеленушімен бірге ол өзіне қыздардың киімін киіп көрді. Содан соң балалар боянып та көрді. Тіпті арнайы дәрілер қабылдап төсін өсірмекші болған.


Баланы ата-анасы кезекті құпия әрекеттерінің үстінде ұстап алған. Алайда, жасөспірімді тоқтату мүмкін емес еді. 6 жылдан кейін бала арманын орындау үшін монастырдан қашып кетті.




Ол Мими есімді қыз кейіпінде Бангкокта жұмыс істеді. Кейін өзінің ұстазына айналған модель Юи Феткамен танысты.




Модельдік салада айтарлықтай тәжірбиесі бар Юи Мимиді жарыққа шығару үшін үш ай бойы біраз күш салады. Бірақ Таиландтағы сән әлемі одан бас тартады.


Бірақ Фажарат оңай берілмеді. Жынысын қызға айналдырған ол Сингапурге аттанды, жарнама роликтеріне түсті, бағдарламаларға қатысты. Бірнеше жылдан соң Таиландқа қайтып оралды, бірақ бұл жолы сән әлеміндегі мансабы бірден өрге дөңгелей бастады.




Бүгінде мими Тайландтың атақты сәнгерлерінің бірі. Мими қазір әлемдік сән әлеміне қадам басуда. Қазірдің өзінде Мими Нью-Йорк, Лондон,Париж сияқты қалаларда түрлі көрсетілімдерге қатысқан.





 




Көрілген: 990    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.08.2017, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30