Cуреттер сөйлейді

17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

  • 17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

    17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Төрт қыз бен алты ұлдың анасы Айсәуле Сатыбалдиева 17 жасында тұрмысқа шыққан. Айсәуле 34 жасында 10 баланың анасы атанды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.


 

17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Айсәуденің 16 жастағы үлкен ұлы 10 сыныпта оқиды. Әлібидің соңынан ерген Махаббат, Салтанат, Гүлжанат, Азамат, Саят, Әділет, Ердәулет Айкерім, Сәулет есімді бауырлары бар.


«10 бала тудым. Біреуінің де атын өзім қойып көрмеппін. Әкесі ең соңғы кішкентайдың атын қойды. Ауруханада жатқанда «Баламның атын өзім қояйыншы, аты Сәулет болсын» деп хабарласты. Мүмкін өскенде сәулетші болар. Бұрын басқа балаларымды жұлқылай беретін едім, кішкентайыма қолым батпайды. Шомылдырған кезде де жыласа жуындыра алмай қаламын», - дейді Айсәуле кішкентайын қазірден ерекше еркелететінін айтып.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

10 балалы отбасы кәсіпкер сыйлаған екі бөлмелі үйде тұрып жатыр.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

"Ұйықтаған кезде бар бала бір бөлмеген жатады. Төрден есікке дейін төсек саламыз. Әрқайсысы өз орнын біледі. Балаларымның біреуі бір жерге кетіп қалса, бәріміз соны күтіп отырамыз. Келсе балалар бірін бірі құшақтап сүйіп, мәре-сәре болады.  Бірдеңеге жұмсап жатқанда бәрінің атын айтасың. "Ана балаң нешеде? 10 балаңызды қалай бағасыз? "деп қызығатындар бар  Бірақ, балаларымның атынан шатаспаймын", - дейді келіншек.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Үйде де, сыртта да жұптары жазылмай ойнайтын балалар бір біріне қарайласып жүреді. Сабақтарын оқиды, тамақтарын пісіреді. Әкелері ертелі-кеш жұмыста.


«Әр баланың өз міндеті бар. Бірі қоқыс шығарады, екіншісі дүкенге барады, екі қызым алма кезек үй жинайды, үлкен қызым балаға көмектеседі, үлкен балам кішкентай төрт ұлға қарайды. Далаға шыққанда бөлек ойнасада бір біріне қарап жүреді. Біреуіне тиісіп жатса бәрі жетіп барады екен. Көршілерім қалай бауырмал қылып тәрбиелейсің деп қызығып жатады», - деді Айсәуле.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Ата-анасыз жетім өскен Айсәуле бауырларының қолында тәрбиеленген.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

«Өзім жеті ағайынды болдым. Үш ағам да денсаулықтарына байланысты жастайынан қайтыс болды. Әкем жетінші сынып оқып жүргенімде, анам 11 жасымда қайтты. Ағайын-туманың қолында өстік. 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірінші баламды 18 жасымда босандым. Ол кезде ата-енемізбен бірге тұрдық. Ол кісілердің де баспаналары болған жоқ. Әр жерде көшіп-қонып жүргенбіз. Осы үйді алардың алдында қайын ағамның сарайында тұрдық. Сол үйдің малын бақтық. Сегіз баламен сарайдың бір бөлмесін паналадық. Ортасы пешпен бөлінген тар жерде аяғымызды созып жата алмайтын едік», - дейді ол.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Екі жыл бұрын қорада тұрып жатқан көпбалалы отбасыға ақтөбелік кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлаған еді. Жаңа үйде бала саны тағы екіге көбейді.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

«Мейіржан Өндіргенов үй беремін деп шақырған кезде сенген жоқпыз. Ол кісі көп ойланған жоқ. "Үй берем, хабар өзімнен болады",- деп шығарып салды. Сол кезде ауылға келіп уақыт өткізе алмадық. Бұл не деген батпан құйрық, мүмкін алдаған шығар дедік. 10 күн өткеннен кейін «Дүйсенбіде көшіріп алып кетеміз» деген хабар келді. Сол кездегі екі күніміз екі жылға татыды. Жиналатындай көп затымыз жоқ. Барымызды буып қойдық. Ертең көшеміз деген күні балаларға дейін бәріміз ұйықтамай, түнімен босып жүрдік. Көшіріп алып келген кезде үйді көріп, тіліміз байланды. Екі бөлмелі үй хан сарайындай көрінді. Кішкентайларым кіре сала шешініп, шапқылап жүгірді.Сол кездегі қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Кішкентайларым айналып келіп мені құшақтай берді», - дейді Айсәуле.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Үйдің құжатын өздеріне аудармаған отбасы ертеңгі күніміз қалай болар екен деп алаңдайды.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

«Ол кісі: «Жолдасың менде бір жыл жұмыс істесін, сосын аударып беремін» деген еді. 5-6 айдан кейін Өндіргенов істі болды. Біз алаңдаймыз. Түрлі қиындықты көрдік. Бүгінгі күніміз Алланың берген несібесі деп ойлаймын. Асқар Тұрарұлы екі жыл бұрын Алғадан жер берген болатын. Болашақта сол жерге үй салғымыз келеді», - дейді келіншек.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Он баланың алтауы мектеп жасында. Қалғандары кішкентай. Көпбалалы отбасын облыстық драма театр ұжымы көктем мерекесіне концертке шақырып, ұялы телефон сыйға тартқан.


17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

Айсәуле Сатыбалдиева «Денсаулығымды түзетіп алсам, 40 жасқа дейін тағы бір бала босанамын» деп шығарып салды.


 Nur.kz




Көрілген: 2406    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.02.2017, 13:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31