Cуреттер сөйлейді

8 айлық сәбидің салмағы 20 кг жеткен

  • © medikforum.ru

    © medikforum.ru

Жасына толмай семіздікке шалдыққан қыз баланың салмағы дәрігерлерді шошытып отыр.


Сегіз айлық Чахат Кумар Үндістанның Пенджаб штатында дүниеге келген. Туған кезде оның салмағы норма қалыпта болған, алайда 4 айға толған кезден бастап ол артық салмақ қоса бастаған. Бүгінде сәбидің салмағы 20 кг жетеді, бұл сәйкесінше 4 жасар баланың салмағына тең.


Оның ата-анасы Чахат ертегі алыптары секілді күн санап емес, сағат санап өсіп келе жатқанын айтады. Оның үстіне, сәбидің өзі де қомағай екенін, үнемі тамақ сұрай беретінін тілге тиек етеді. Алайда, олардың өз қыздарының денсаулығын қаратуға, емдетуге шамалары келмейді.



Қыздың анасы Чахаттың алдында ұл бала босанғанын, алайда оның өмірі ұзаққа созылмағанын айтады. Енді қызының денсаулығына алаңдаған ол одан да айырылып қаламын ба деп қорқады. Бүгінде қыз бала өзінің жасындағы балалармен салыстырғанда 4 есе көп тамақтанады екен. Егер ата-анасы тамақ бермей қойса, Чахат бас салып шыңғырып жылай береді екен.



Бірер жылдан соң сәбидің салмағы оны ата-анасы қолға алып көтере алмайтындай дәрежеге жетпек. Чахаттың ата-анасы бұл жайтқа өздерінің кінәсі жоқ деп санайды және барлығы да Жаратушының қолында деп есептейді. Оларды көшеден өтіп бара жатқан тұрғындардың өз қыздарына қол шошайтып көрсетіп, мазақ етіп күлетіні қынжылтады.



Қыздың денсаулығы жергілікті дәрігерлерді де алаңдатып отыр. Артық салмақтан қыздың тыныс алуы қиындап, ұйқысы бұзылған. Сонымен қатар, Чахаттың денесі шамадан тыс терісіне сыймай барады, бұл өз кезегінде оның денсаулығын тексеру үшін қан алып, тексеруді қиындатуда.



Қыздың денсаулығына алаңдаған ата-анасының оны білікті дәрігерлерге қарату үшін ұзақ жол жүрілеріне тура келеді, ал бұл үшін олардың қаражаты жеткіліксіз. Жергілікті дәрігер сәбиден қан алу қиынға соққандықтан, толыққанды диагноз қоя алмай отырғанын айтады. Сонымен қатар, ол мұндай жағдай өзінің тәжірибесінде алғаш рет кездесіп отырғанын, баланың салмағы жылдам өсіп бара жатқанын тілге тиек етті. Дәрігер Чахаттың ата-анасына арнайы педиаторлық орталыққа барып қаралуға кеңес береді.


reactor.inform.kz

 




Көрілген: 2597    Пікірлер: 0

сенбі, 15.04.2017, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31