Cуреттер сөйлейді

Адам сенгісіз жағдайда жұмыс істейтін жезөкшелер

  • Фото: lensculture.com

    Фото: lensculture.com

Неміс фотографы Сандра Хойн өзінің тәуелсіз журналист қызметінде түрлі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, сан түрлі қайырымдылық бірлестіктермен жұмыс істейді. Бангладешке арнайы жезөкшелердің өмірін зерттеп көруге аттанған бойжеткен олардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көргенде жаға ұстады деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Бангладеш - жезөкшелікті ресми түрде құптаған аздаған мұсылман мемлекеттердің бірі. Оның Кандапара қаласында күллі мемлекетке танымал Тангайл мейрамханасы орналасқан. Бұл көңіл көтеру орны жезөкшелер мекен ететін орталыққа айналып кеткен.



200 жыл бұрын салынған ғимаратта бүгінде "түнгі көбелектердің" сан түрін кездестіруге болады. Кандапарада туылған қыздардың барлығы дерлік сол мейрамханаға барып жұмысқа тұрып жэатады. Жергілікті тұрғындар жезөкшелік әдеттегі жұмыстарға қарағанда, анағұрлым табыстырақ деп, оны кәдімгі жұмыс ретінде қабылдайды.




"Тангайлдың" маңы түрлі шайханалар мен дүкендерге лық толы. Өзін қанағаттандыруға келетін ерлердің баратын ауданында өзіндік қалыптасқан заңдылықтары да бар.



Бұл жерге келген бойжеткендердің көбісі әлсіз, алайда бангладештік "тәуелсіз" әйелдерге қарағанда мықтырақ.



"Тангайлға аяқ басқан арулар үшін ең қиын бастапқы кезең болып саналады. Олар кедей отбасыдан шыққан немесе туыстары сатып жібергендер болып табылады. Олар жергілікті билік етуші "ханымға" бағынышты болады.

Арулар бес жыл бойы өз қарызын өтеу үшін тегін қызмет етуге мәжбүрленеді. Кейіннен олар не мәңгі кетіп, не кәдімгі ақшаға жұмыс істейді. Алайда, бұл жерге бір рет аяқ басқандар өте сирек кетіп жатады" , - деп айтты мейрамханада тәжірибесі мол келіншек.



Айтуынша, қоғам жезөкшеліктен оралған аруларды көп жағдайда қарапайым ел қатарына қабылдамайды.



Мейрамханаға қызмет етуге тағдыр талқысына түіп, үнемі соғатын күйеулерінен қашып келетіндер де бар. Жезөкшелердің клиенттері қатарында полицейлер, саясаткерлер, қарапайым жұмысшылар да кездеседі.



Кейбірі тек ләззат алу үшін жүгінсе, тағы біреулері махаббат іздеп келіп жатады.



Адам тұрарлықтай емес жағдайда қызмет етіп жатқан жезөкшелер жергілікті "ханымның" айтқанынан шықпауы тиіс. Мәселен, жүкті болып қалып балалы болған әйел, бір аптадан кейін дереу жұмысқа қайта шығуға мәжбүрленген.





 




Көрілген: 19225    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30