Cуреттер сөйлейді

Адамдардың зәре-құтын қашырған жеті белгісіз құбыжық (фото)

  • © Reactor Inform

    © Reactor Inform

Талай ғалымдардың назарына ілігіп, адамдардың зәре-құтын қашырған жеті белгісіз құбыжықты NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.


1. Таиландтағы жатпланеталықтың жерлеуі



Бұл белгісіз тұяқты құбыжықтың мәйітін Таиланд тұрғындары Құдай деп санап, оны жерлеу үшін бірталай жұрт жиналған болатын.


2. Канвей-Айленда құбыжығы



1953 жылдың қарашасында Англияның Канвей жағалауынан құбыжықтың мәйіті табылады. Оның не екенін ғалымдар дөп басып айта алмады.


3. Адам мен ешкінің қосындысы



50-жылдардың аяғында АҚШ-тың көптеген тұрғындары адам мен ешкінің қосындысына ұқсас құбыжықты көргендерін айтып, дабыл қаққан. Принс-Джорджес округін мекен еткен құбыжық иттердің басын жұлып әкететін деседі.


4. Чупакабра



Миссисипи штатының Пикаюн қаласында жергілікті тұрғындар чупакабра атап кеткен құбыжық малдарға тап беріп, адамдардың мазасын қашырған болатын. Ол малдардың қанын сорып алатын көрінеді.


5. Рок-несс құбыжығы



2015 жылдың қарашасында Ұлыбританияның Холлингворт-Лейк су қоймасынан белгісіз балық түрінің өлексесі табылды. Оны жұрт Рок-Несс құбыжығы деп атап кеткен.


6. Канадалық құбыжық



Канаданың Онтарио провинциясында табылған мәйіт ит пен тышқанның қосындысына ұқсайды.


7. Монток құбыжығы



2008 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы Монток ауданында құбыжық мәйіті табылды. Ғалымдардың бірі оны жанат деп тапқанымен, көпшілік бұл болжамға сене қоймады. 




Көрілген: 1313    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.07.2017, 18:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31