Cуреттер сөйлейді

Ажырасып, қайта үйленген жұлдыздар (ФОТО)

  • Ажырасып, қайта үйленген жұлдыздар (ФОТО)

    Ажырасып, қайта үйленген жұлдыздар (ФОТО)

Бірінші отбасымен жұбы жараспаған жұлдыздар екінші рет шаңырақ көтерді. Олар алғашқы некеде бір-бірімізді түсінбедік десе, бірқатары «таңдауының қате екенін түсіндім» дегенді алға тартуда. Қазіргі таңда олар екінші рет отбасын құрып, бақытты ғұмыр кешуде. Бұл жұлдыздар кімдер? Олардың бірінші көтерген шаңырақтарының ортасына түсуіне не себеп болды? Қазіргі таңда олар бақытты ма? Бұл туралы "Алматы" телеарнасының тілшілері айтып берді.


Асхат Тарғын да өзінен 12 жас кіші бойжеткенмен отбасын құрды. Тойларын 2017 жылы Алматы қаласында дүркіретіп өткізген болатын. Ол өзінің бір бағдарламада берген сұхбатында бірінші жары екеуінің жарасып кетпеуінің себебін оның қызғаншақ болғанымен байланыстырған болатын. Қазіргі таңда әншінің екінші жарынан бір ұлы бар.



Талай отбасыға үлгі болып жүрген «Нұрлан мен Мұрат» тобының экс мүшесі Мұрат Қожа екінші рет шаңырақ көтерді. Ол өзінің жеке парақшасындағы «тағыда мен ғашық болдым» деп жазған болатын. Қазіргі таңда әншінің жары өзінен шамамен 15 жас кіші бойжеткен. Бұндай келісіміне қарсы болған желі қолданушылары «үш қызыңды неге тастап кеттің» деп өздерінің жағымсыз пікірлерін білдірген болатын. Дегенмен қазіргі таңда әншінің жас жары Мұрат Қожаға қыз туып берді.



Екінші рет жанұя құрған әншілердің ішінде Еркін Нұржанов та бар. Ол 2014 жылы 1996 жылғы Динара есімді бойжеткенге құрық салған болатын. Өзінің бір сұхбатында Шығыс шайыры Фирдоусидің «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғанатабасың» деген сөзі бекер айтылмаған. «Мен екінші рет Тараз қаласының күйеу баласы атандым», - деп қалжындаған болатын. Әншінің екінші жары Еркін Нұржановқа бір ұл, бір қыз сыйлады. Олар қазіргі таңда бақытты отбасылардың бірі.



«Жігіттер» тобының мүшесі Айдар Тұрғанбек те екінші рет отбасын құрды. Ол бұрын Раушан Әріп есімді ақтаулық арумен шаңырақ көтерген болатын. Алайда, екі жастың отбасылық одағы ұзаққа созылмады. Бірақ экс-жұбайлардың Нұржәннат есімді ортақ қыздары бар. Екінші жарыда жақында әншіге қыз сыйлаған болатын.



Елімізге белгілі әнші Мадина Садуақасова да бірінші жолдасымен жараспай, екінші рет тұрмысқа шықты. Әнші бірінші күйеуімен бір жарым жылдай бірге тұрып, 2008 жылы ресми түрде ажырасқан болатын. Күміс көмей әншінің екінші рет жүрегін режиссир Олжас Сұмағұлов жаулап алды. Қос ғашық 4 жыл кездесіп махаббатарының шынайы екендігіне көздері жетіп, 2014 жылы шаңырақ көтерді. Қазіргі таңда Әнуар есімді бір ұлы бар.



Ерлан Орынбасаров та әнші Баян Нұрмышева үйленбей тұрып, отбасын құрып, артынша ажырасқан болатын. Ол өзінің бірінші әйелімен басы бір қазанға сыймағандығын айтып, қалын жұртқа жар салған еді. Уақыт өте келе әнші өзінің өмірлік серігін эстрада жұлдыздарының ішінен тапты. Өзінен үш жас үлкен әнші Баян Нұрмышевамен отау құрды. Қазіргі таңда әншілердің ортақ екі ұлы бар.



Бұрынғы «Үркер» тобының экс-мүшесі Нұрлан Албан да екінші рет шаңырақ көтерген. Оның ақын, жүргізуші Назира Бердалымен отбасы көтеркенін барша жұрт біледі. Талайларды тамсандырған жұптын шаңырағы шайқалып, ақырында екеуі ажырасып тынды. Әнші қазіргі жары туралы ақпарат бермейді. Мүмкін көз тиіп кетеді деп қорқатын шығар.



Продюсер, актриса, екі қыздың анасы Баян Мақсатқызы да екінші рет тұрмысқа шыққан. Ол бірінші күйеуі екеуінің арасындағы жанжалдан кейін көп ұзамай ажырасып тынды. Бақытбек Есентаев темір торда отырғанда, ол екінші рет ғашық болып, сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты. Қазіргі таңда қос ғашықтың «махаббаты» ел аузында.



sn.kz




Көрілген: 9731    Пікірлер: 1

жексенбі, 28.01.2018, 22:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31