Cуреттер сөйлейді

Әлемдегі ең жас ана бес жасында босанған (фото)

  • © deadbees.net

    © deadbees.net

Әлем тарихындағы ең жас ана - Перуде дүниеге келген Лина Медина. Ол тұңғышын бес жасында босанғанда әлем жұртшылығы дүр сілкінген болатын. Бұл туралы NUR.KZ  порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


1933 жылы Перудің Тикрапо ауылында кедей отбасында дүниеге келген Лина Медина бес жыл өткесін әлем тарихындағы ең жас ана атанады.



Оның бұл жағдайы адам сенгісіз болғанымен, шындық. Ал әлемнің түрлі медициналық орталықтарындағы ғалымдар бұл жайтқа әлі күнге дейін бас қатыруда.



Мединаның іші ауырсынып, өсе бастағанын байқаған анасы оны емханаға алып барады. Бастапқыда дәрігерлер мұны ісік деп ойлаған. Алайда зерттеу нәтижелері қыз баланың жеті айлық жүктілік мерзімінде екенін көрсеткенде, олар өз көзіне сене алмаған.



Шамамен бір жарым айдан кейін Медина 5 жасында ұл баланы кесар тілігі арқылы босанады. Ұл бала 1939 жылы 14 мамырда дін-аман дүниеге келген. Оның салмағы 2,7 келі болды. Қыз бала ұлын дәрігердің құрметіне Жерардо деп атады.



Белгілі болғандай, Мединаның ағзасы бес жасында толыққанды бала көтере алатындай жетіліп үлгерген. Жерардо Мединаны әпкесі деп санап келеді. Алайда он жасында оған шындықты айтып берген.



Ал Мединаның әкесі қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынғанымен, дәлелдің жоқтығынан бостандыққа жіберілді. Мединаның қалайша жүкті болғаны әлі күнге дейін белгісіз.



Мединаның ұлы 40 жасқа дейін өмір сүрді. Ал Медина 1972 жылы тұрмысқа шығып, тағы да ұлды болған. Олар әлі күнге дейін Перуде бірге тұрып жатыр.




 




Көрілген: 2106    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.02.2017, 13:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30