Cуреттер сөйлейді

Әлемге әйгілі қазақстандық модельдің жұмбақ өлімі әшкере болды (фото)

  • Әлемге әйгілі қазақстандық модельдің жұмбақ өлімі әшкере болды (фото)

    Әлемге әйгілі қазақстандық модельдің жұмбақ өлімі әшкере болды (фото)

Әлемге әйгілі қазақстандық модель Руслана Коршунова осыдан он жыл бұрын, туған күніне төрт күн қалғанда терезеден құлап қайтыс болды. Бойжеткен өлім құшқан Манхэттендегі тергеушілер оны "өзіне қол жұмсады" деп, істі жылы жауып қойған. Оның шын мәнінде қалай қайтыс болғаны туралы Woman.RU сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы жазады.


Руслана Коршунова Kenzo, Paul Smith, Moschino сияқты танымал брендтерді жарнамалап, Elle мен Vogue журналдарының бетінен түспейтін.




Оның әкесі бес жасында қайтыс болғаннан кейін, анасы Руслананы жалғыз өзі өсірген. Сұлу қыз 15 жасында Алматы қаласында оқып жүргенде "Эйр Астана" әуе компаниясының журналына суретке түскен.



Осыдан кейін оны басқа да халықаралық модельдік агенттік басшылары байқап, шетелге жұмысқа шақырады.


Осылайша, жолы болып, бағы жанған ару 2005 жылы періште кейпімен Нью-Йорктегі сән апталығында ең жарық жұлдызға айналған.



Ал ол қайтыс болғаннан кейін полицейлер қыздың денесін сараптамадан өткізіп, есірткі қолданбағанын анықтады.


Руслананың достары мен жақындары оны біреу әдейі итеріп жіберді деп ойлайды.



Британдық журналист Питер Померанцев оның жұмбақ өліміне не себеп болғанын анықтап көрген.


Руслананың достары оның шулы орта мен түнгі клубта жүргенді ұната бермейтінін алға тартты. Ол өлер алдында құрбысы Кира Титеневамен сөйлесіп, өте бақытты екенін айтқан.



Ал марқұмның анасы Валентина Коршунова әлі күнге дейін қызын қасақана өлтірді деп санайды.


"Руслана терезеден құлаған пәтерде үстелдің үстінде ертеңгі күнге жоспарын жазған парақша жатты. Ол "Кітапханаға кітапты алып өткіземін" деп жазған. Өзіне қол жұмсайтын адам осылай жазады ма?", - дейді ол.




Оған қоса, Руслананың денесі балконан тым алыс жерге, ғимараттан 15 метрдей қашықтыққа құлаған кен. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, қызды біреу қасақана итеріп жіберсе ғана осындай алшақтыққа құлап түсуі мүмкін екен. Оның анасы "қызымды ақша үшін өлтіріп кетті" деп ойлайды.



"Мен қызымның тапқан табысынан бір тиын да алмадым. Оның бәрін сот арқылы Руслананың агенті, достары мен бұрынғы жігіт алды", - дейді Валентина Коршунова.

Бойжеткен өлерінің алдында өзін жарнамалап жүрген агенттіктердің бірі жарты миллион долларын тонағанын біліп қояды. Жақындарының айтуынша, Русланаға ақша төлемес үшін, оны өлтіріп тастаған. Алайда сот төрелігі оның заң органдарына ешқандай шағым жазбағанын анықтапты.



Кейбіреулер Руслананы психикалық ауытқуы бар маньяк өлтірді дейді. Ол өлгеннен кейін қанға оралып жерде жатқан денесін алғашқылардың бірі болып ғимараттың күзетшісі байқаған.


"Менің көзім бірден Руслананың шашына түсті. Оны қисық-қисық етіп, біреу қырқып тастаған сияқты.", - дейді Мухаммед Накиб.

Ал психологтар "өзі құрбан еткен адамның шашын кесіп тастау - психикалық ауытқуы бар адамдарға тән әрекет" дегенді айтады.



Журналист Питер Померанцев модельдің өліміне соңғы уақытта барып жүрген "Роза мира!" тренинг орталығы да себеп болуы мүмкін екенін жеткізді. Бойжеткен құрбысымен бірге барған аталмыш курсқа қатысушылар өмірдегі ең бақытсыз сәттерін айтып беретін көрінеді.



Өте қымбат тұратын тренингке келушілер біресе күліп, біресе жылап ән айтады екен. Көптеген мамандар "Роза мира" ұйымы сектамен бірдей деп санайды.


Себебі ол адамның ішкі "менін" жоғалтады екен. Руслана осы курсқа бара бастағаннан өте ашушаң болып, жиі ренжитін болыпты.



Осылайша, марқұмның бұлыңғыр жолда жаңылып, қиындықпен күресудің орнына "өзіне қол жұмсағаны артық" болып көрінгені анықталып отыр. 




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.04.2018, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31