Cуреттер сөйлейді

Әлеуметтік желідегі фото бір отбасының өмірін өзгертті

  • Әлеуметтік желідегі фото бір отбасының өмірін өзгертті

    Әлеуметтік желідегі фото бір отбасының өмірін өзгертті

 CNN журналисі Лилит Маркус (Lilit Marcus) Twitter-ге әйеліне бүйрек іздеген ер адамның суретін жариялады. Фото әлеуметтік желіде көптеп таралып, бір отбасының өмірін өзгертті. Тіпті атақты адамдар да қол ұшын созуға дайын екенін жеткізді. Кейінірек Маркустың оқиғасын CNN сайты жазды.


Журналист фотоны желтоқсан айының соңына қарай Twitter-ге жариялаған.


«Кеше Target дүкенінде түсірген фотосурет ойымнан кетер емес», - деп жазды редактор.


Суретте ер адам «Әйеліме бүйрек қажет B+ (үшінші оң қан тобы)» деп жазылған және телефон нөмірін қалдырған мәлімдемені сөмкесіне жапсырып алған.


Бірнеше сағатта фото мыңдаған ретвит жинаған. Оны танымал тұлғалар да бөліскен. Бір апта ішінде фотосурет 23 мың аккаунтқа тарап, 35 мың лайк жинаған.


Суреттегі ер адам Рэймонд Томпсон (Raymond Thompson) екен. Ол әйелімен және 4 жасар қызымен бірге Бруклинде тұрады. Екі жыл бұрын оның әйеліне бүйрек ауруы диагнозын қойған.


Томпсон әлемнің түкпір-түкпірінен «көмек қолын созамын» деген белгісіз адамдардан қоңыраулар келіп түскенде таң қалған. «Вирус жазба» туралы ол солардан естіген. Бүйрек табылған соң Томпсон краудфанд ресурстарға алақан жаймайтынын айтты. Операцияға байланысты бар шығындар мен медициналық сақтандыруды өздері төлейтінін жеткізді.


CNN қызметкер осы оқиға өзінің де өмірін өзгерткенін мойындады. Ол жілік майы доноры атанып, қан тапсыруды бастаған.


baq.kz




Көрілген: 1713    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.12.2018, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31