Cуреттер сөйлейді

Амина Алагөзова мен Айсәуле Бақытбек тіл табыса алар ма екен?! (фото)

  • Амина Алагөзова мен Айсәуле Бақытбек тіл табыса алар ма екен?! (фото)

    Амина Алагөзова мен Айсәуле Бақытбек тіл табыса алар ма екен?! (фото)

 Отау құрамыз деп жар салған Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтың бұрынғы отбасыларынан екі балалары бар. Екеуінің де тұңғыштары қыздар. Атақты сәнқойлар мен сұлулар.



Айсәуле Бақытбек 1996 жылдың 22 мамырында дүнеге келген. Қазірде Дубайдағы америкалық университетінде білім алуда. Инстаграм желісінде өзінің ойлары мен өмірінде қызықты сәттерін белсенді түрде бөлісіп отырады.


«Мен инстаграм желісін адамдар мұнда өзінің позитивті көңіл күйімен, тәжірибесімен бөлісетіндігі үшін ұнатамын. Себебі, кейде жақындарыңнан гөрі, 100 мың бейтаныс адамға мұңынды жайып, ашыла салу-оңайырақ. Бірақ мұндай зат менімен ғана болады ма, білмеймін, және ол маңызды да емес. Сонымен, менің айтқым келгені: сіздер менің қызықты өмірімді, әдемі киімдерім мен сыйлықтарымды көріп, бақылап отқандарыңызға қуаныштымын. Бірақ, олар сіздердің объективті тұрғыда пікір айтуға кедергісін келтірері анық».



«Маған ешқашан ештеңеге шағымдануға болмайды. Ата-анам маған керемет өмір сыйлап жатыр, бірақ, оқырмандар, мен де жігітіммен ұрысқанда қобалжып, жақындарымның үмітін ақтай алмай қалам ба деп қорқамын… Мен күнде тамақ та дайындаймын, еден де жуамын, сабақ та оқимын, электрлік шоттар келгенде мен де қоқып кетем, бірақ, мұның сіздерге білудің қажеті не? Мен парақшамда әдемі жазбалар мен суреттер қалғандығын қалаймын. Сіздерге көргенге жақса, маған парақшама кіріп, керемет естеліктерді есіме түсіргенге жақсы»,- дейді Айсәуле.



Амина Алагөзова 1991 жылдың 17 қазанында дүниеге келген. Манчестор университетінде білім алған. «ТуысқанБардың» ортақ құрылтайшысы, алматылық it-girl және «Galanz Bottlers» кампонияларында финансист маманы болып жұмыс атқарған. Таза ауада жүріп, дайвингпен айналысқанды ұнатады.



ELLE журналына берген сұқбатында Тұрсынғали Алагөзовтың қызы өзінің жеке тұлға болып қалыптасуына анасының ықпалы көп екендігі жайлы айтқан:


«Маған анам қатты әсер етті. Англияға ұшып, маған көптеген киім алып келіп бергенде мен 4 жаста едім. Анам кішкентай балаларды киіндіргенді ұнататын. Тіпті мектепке барлығы шаштарын өріп,мектеп формасын киіп жүргенде, мен шашымды жайып, түрлі көйлектер киіп жүретінмін».



«Қазірге дейін анамның 90-жылдары алған күртешесін киіп жүремін. Сол замандағы суреттерін ақтарып, қарағанды ұнатамын. Анам мен үшін- үлгі аларлық сәнқойлардың бірі. Құдды Кейт Мосс сияқты. Оны 90-жылдары барлығы неге жақсы көргендігін түсінбейтінмін, себебі мен оны ұсқынсыз, әдемі емес әйел ретінде көретінмін. Тек Англияға оқуға барған сәтте, менің ішімдегі көзқарастар өзгеріп, оны жақсы көре бастадым. Бойжеткен кезімде бірде классиканы ұнатсам, бірде рэперлерді ұнататынмын. Ол мені өзгертуге тырыспайтын және күліп қана бұл кезеңнің де өтіп кетерін айтқан», деп еске алды Амина Алагөзова.




Айсәуле Бақытбектің инстаграм желісінде жариялап тұратын сүйіктісі бар, ал Аминаның жеке өмірінде не болып жатқандығы әзірге беймәлім.


nur.kz




Көрілген: 2196    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 11:46

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Қыркүйек, 10:59
Мынау сән бе әлде...
2 Тамыз, 21:08
Сөз жоқ...
7 Сәуір, 14:04
Табиғаттың көз жасы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31