Cуреттер сөйлейді

Аргентиналық жігіт 35 мың доллар жұмсап, "періштеге айналды" (фото)

  • © fishki.net

    © fishki.net

25 жастағы аргентиналық Луис Падронның эльфтер, періштелер мен фантастика әлеміне деген қызығушылығы бала кезінен басталған.


Оның сол әлемге деген құштарлығын қатарластары үнемі мазақ ететін. Дегенмен жігіт өзінің сүйікті кейіпкерлерінің біріне айналуға шешім қабылдайды. Бұл туралы fishki.net порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.



Луис 14 жасында шашы мен терісінің түсін ақ түске бояп тастаған. Енді түрлі кремдер мен бояғыштар, екпе дәрілер мен күннен қорғайтын кремдер үшін жас жігіт айына 5 000 доллар жұмсап отыр.



Луис сонымен бірге иегін кішірейтіп, мұрнын өзгертіп, шашын түгел алдырып, көзінің түсін өзгерту үшін пластикалық отаға 35 мың доллар жұмсаған. Отадан кейін көру қабілеті нашарласа да Луис бәрібір тоқтамаған.


Фэнтэзи әлемінің табынушысы жалпы алғанда 40 ота жасатқан.



Луис көшеде кетіп бара жатқанда адамдардың таңдана қарайтынын жасырмайды. Алайда олардың пікірі аргентиналықты қызықтырмайтын болып шықты.



Ол енді қиялындағы эльфке толық айналу үшін құлағының пішінін өзгертіп, бойын кемінде 180 сантиметрге ұзартпақ. Сонымен қатар бұлшықеттерін де үлкейту үшін имплантант салдырмақ. 




Көрілген: 3273    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 05.05.2017, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31